Download Print this page

Philips GC8962/40 User Manual page 10

Hide thumbs Also See for GC8962/40:

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
12
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды
толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын және жылдам бастау
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
Өнімге жалпы шолу
1
Бу жеткізу шлангысы
2 Бу шығарғыш/буды күшейту
3 «Үтік дайын» жарығы
4 Астыңғы табан
5 Үтіктің түпқоймасы
6 Тасымалдау бекітпесін босату түймесі
7 Алынатын су сыйымдылығы
8 Толтыру тесігі
9 Бу жеткізу шлангысын сақтау орны
10 EASY DECALC тұтқасы
11 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
12 EASY DECALC шамы
13 Жарығы бар ECO түймесі
14 «Су ыдысы бос» шамы
15 Қуат көзін қосу шамы және автосөндіру шамы бар «қосу/сөнд.» түймесі
Қолдануға дайындық
Пайдаланылатын су түрі
Бұл құрылғы құбыр суын пайдалануға арналған. Дегенмен, егер кермек су аумағында тұрсаңыз, қақ тез жиналуы
мүмкін. Осылайша, құрылғының қызмет ету мерзімін ұзарту үшін, тазартылған немесе минералсыздандырылған суды
қолдану ұсынылады (минералсыздандырылған/тазартылған су мен әдеттегі судың 50% қоспасын пайдалануға да
болады).
Ескерту: хош иісті суды, кептіргіштен алынған суды, сірке суын, крахмалды, қақ
түсіру заттарын, үтіктеу заттарын, химиялық түрде қағы түсірілген суды немесе басқа
химикаттарды пайдаланбаңыз, өйткені олар судың шашырауына, қоңыр дақтарға
әкелуі немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Су ыдысын толтыру
Әрбір қолданыстан бұрын немесе «су ыдысы бос» шамы жыпылықтағанда су ыдысын толтырыңыз. Қолдану
барысында су ыдысын толтыра аласыз.
1 Су ыдысын құрылғыдан шығарып алыңыз (2-сурет) және оны MAX белгісіне дейін толтырыңыз (3-сурет).
2 Су ыдысын қайтадан құрылғыға салып қойыңыз, бұған дейін құрылғының ішіне төменгі бөлікті орналастырыңыз.
3 Су ыдысын өз орнында бекіту үшін, оның жоғарғы бөлігін басыңыз («сарт» еткен дыбыс естілгенге дейін)
(4-сурет).
Су ыдысы бос жарығы
Су ыдысында жеткілікті су болса да, «су ыдысы бос» деген шам жыпылықтайды (5-сурет). Су ыдысын толтырыңыз
және құрылғыны қайта қыздыру үшін бу шығарғышты басыңыз. «Үтік дайын» жарығы тұрақты жана бастағанда,
бумен үтіктеуді жалғастыруыңызға болады.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Gc8942/20Gc8900 series