Canon MACRO TWIN LITE MT-26EX-RT Basic Operation Manual page 276

Macro twin lite
Hide thumbs Also See for MACRO TWIN LITE MT-26EX-RT:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 37
Кіріспе
Canon Macro Twin Lite MT-26EX-RT — Canon EOS камералары
арқылы жақыннан түсіруге арналған жарқыл бастиегі, E-TTL II/E-TTL
авто жарқыл жүйелерімен үйлесімді. Жарқыл бастиегі қарапайымнан
күрделіге дейінгі түрлі түсіру нысаналарының кең ауқымына арналған
түрлі функциялармен жабдықталған. Оның A жəне B жарқыл
бастиектері арасындағы жарқыл көрсеткішін басқару, бір жақтан
жарқыл шығару, қосымша тəуелді жарқыл блоктарының көмегімен
радио/оптикалық тасымалмен сымсыз көптік жарқыл шығару арқылы
суретке түсіру жəне қолмен жарқыл шығару функциялары бар.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Өнімді қауіпсіз пайдалану үшін осы нұсқауларды оқығаныңызға көз жеткізіңіз.
Өнімді пайдаланушы жарақат алмауы немесе басқаларға зиян
келмеуі үшін мына нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Өнімді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Адамның мойнына тағылған баудан немесе белдіктен адам тұншығып қалуы мүмкін.
Батарея жұтып қойылса, қауіпті болады. Егер жұтып қойылса, дереу дəрігерге қаралыңыз.
Өнімге тек осы нұсқаулықта көрсетілген қуат көзін пайдаланыңыз.
Өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
Өнімнің қатты шайқалуына немесе дірілдеуіне жол бермеңіз.
Кез келген ішкі бөліктерді қолмен ұстамаңыз.
Түтін немесе əдеттен тыс иіс шығуы сияқты, кез келген жағдайда өнімді
пайдалануды тоқтатыңыз.
Өнімді спирт, бензин немесе бояу еріткіші сияқты органикалық еріткіштермен тазалауға болмайды.
Өнімді суға салмаңыз. Өнімнің ішіне бөгде заттарды салмаңыз немесе
сұйықтықтарды құймаңыз.
Өнімді тұтанатын газдар болуы мүмкін жерде пайдаланбаңыз.
Бұл электр тогының соғуына, жарылуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Коммерциялық қолжетімді батареяларды немесе берілген батарея жинақтарын
пайдаланған кезде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
• Батареяларды/батарея жинақтарын өз өнімдерімен бірге пайдаланыңыз.
• Батареяларды қыздырмаңыз немесе отқа салмаңыз.
• Батареяларды/батарея жинақтарын өкілетті емес батарея
зарядтағыштарымен зарядтамаңыз.
• Олардың түйіспелерін кірлетпеңіз немесе металл түйреуіштермен не басқа
металл заттармен түйістірмеңіз.
• Аққан батареларды/батарея жинақтарын пайдаланбаңыз.
• Батареяларды/батарея жинақтарын тастаған кезде, түйіспелерін таспамен
немесе басқа нəрсемен оқшаулаңыз.
Бұл электр тогының соғуына, жарылуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Егер батарея/батарея жинағы ақса жəне аққан зат теріңізге не киіміңізге тисе, ағып
тұрған сумен жақсылап жуып тастаңыз. Көзіңізге тиген жағдайда, көп мөлшердегі
таза сумен жуыңыз жəне дереу дəрігерге қаралыңыз.
2
Ауыр жарақат алу немесе өлу қаупі бар екенін
білдіреді.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents