Download Print this page

Philips XB2023/01 Manual page 3

Advertisement

Available languages

Available languages

Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану
құжаттамасын
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып,
оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты, жанғыш заттарды немесе
ыстық күлді сормаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
-
Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек
Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет көрсету орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
-
Шлангіні, түтікті немесе басқа қосалқы құралды көзіңізге қаратпаңыз
немесе аузыңызға салмаңыз.
-
Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан
ажырату керек.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның
ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
-
Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Бұл шаңсорғышты
құрылыс қалдығын, цемент шаңын, күлді, ұсақ құмды, әкті және ұқсас
заттарды соруға пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты сүзгілерсіз қолдануға
болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ шаңсорғыштың қызмет
мерзімін қысқартуы мүмкін. Шаңсорғыштың барлық бөлшектерін
әрдайым пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей тазалаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай
бөлшектерін сумен және/немесе тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Абайлаңыз
-
Жуылатын сүзгіні сумен тазаласаңыз, құрылғыға қайта салар алдында
оның толық құрғақ болуы қамтамасыз етіңіз. Сүзгіні тікелей күн
сәулесінде, радиаторда немесе кептіргіш барабанда кептірмеңіз.
Жуылатын сүзгіні қайтып дұрыстап тазалау мүмкін болмаса немесе
зақымданса, оны ауыстырыңыз.
-
Шаң сорғыш шаңды жақсылап жинап, оңтайлы қызмет көрсетуі үшін,
сүзгілерді тек түпнұсқа Philips сүзгілерінің дұрыс түрімен алмастырыңыз
(«Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз).
-
Максималды шу деңгейі: Lc = 84 дБ(A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Керек-жарақтарға тапсырыс беру
Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін,
www.philips.com/parts-and-accessories сайтына кіріңіз немесе Philips
дилеріне хабарласыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыға
қолдау көрсету орталығына хабарласа аласыз (байланыс мәліметтерін
халықаралық кепілдік парақшасынан қараңыз).
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Өңдеу
-
Бұл белгі электр өнімдерін күнделікті үй қоқыстарымен (сурет 1) бірге
тастауға болмайтынын білдіреді.
-
Электр өнімдерін бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді
орындаңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі
ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар
тізімін көру үшін www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі
Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Сорғызу қуаты
жеткіліксіз.
Шаңсорғышты
пайдаланғанда
кейде электр
соққыларын
аламын.
Шаң жинайтын дорбасы жоқ шаң сорғыш
Өндіруші: "ДAП Б.В.", Туссендиепен 4 a, 9206АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы: "Техника для
дома Филипс" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қ., Сергей Макеев
к-сі, 13-үй, 5 қабат, ХVII үй-жай, 31 бөлме, телефон нөмірі +7 495 961-1111
XB2062, XB2042, XB2023, XB2022: 220 V; 50-60 Hz; номин. қуаты 1600 W
IEC, макс. қуаты 1800 W MAX
Шаңсорғыш ең жоғары кернеудегі (IEC 60335-1 стандартына сәйкес) ашық
электронды кіріспен және электр қозғалтқышының электр параметрлерін
рұқсат етілген ауытқулармен жұмыс істеген кезде қуат тұтыну максималды
қуаттан аспайды (MAX).
II санатты аспап
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған.
Қытайда жасалған.
Сақтау шарттары, пайдалану
Температура
Салыстырмалы ылғалдылық
Атмосфералық қысым
Ықтимал себеп
Шаң контейнері
толып кеткен болуы
мүмкін.
Сүзгілер кірлеген.
Сору қуаты төменгі
параметрге
орнатылған.
Саптама, түтік
немесе шланг бітеліп
қалған.
Шаңсорғышта
статикалық электр
жиналады. Ауа
ылғалдылығы
неғұрлым төмен
болса, құралда
соғұрлым көп
статикалық электр
жиналады.
Шешім
Шаң контейнерін босатыңыз.
Сүзгілерді тазалаңыз немесе
алмастырыңыз.
Құрылғыдағы немесе
тұтқадағы реттегішпен сору
қуатын көбейтіңіз.
Тұрып қалған затты алу үшін
бітіп қалған бөлікті ажыратып,
(мүмкіндігінше) басқа жолмен
байланыстырыңыз.
Шаңсорғышты қосып, тұрып
қалған затты кері бағытта
сорғызу арқылы шығарып
алыңыз.
Түтікті бөлмедегі басқа темір
заттарға (мысалы, үстелдің,
орындықтың аяқтарына, жылу
батареясына т.б.) қарсы
ұстау арқылы құралдың
зарядын кетіріңіз. Бөлмедегі
ауа ылғалдылығын да көтере
аласыз.
0 °C - +50 °C
20 % - 95 %
85 - 109 kPa

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Xb2022/01