Bosch PBD 40 Original Instructions Manual page 165

Bench drill
Table of Contents

Advertisement

Жетек блогының (12) биіктігін алмалы-салмалы аспап
ұзындығына және дайындама өлшеміне байланысты
реттеуге болады.
Нұсқау: жетек блогының биіктігін реттегеннен кейін
дайындаманың орналасуын лазерлік кресттің көмегімен
қайтадан тексеріп шығу керек. Қажет болса,
дайындаманы қайта туралау керек.
Тежегіш, қысқыш иінтірек (7) ашық болған кезде, жетек
блогының (12) өздігінен түсіп қалуына жол бермейді.
Тежегіштің қысу күшін кейде-кейде тексеріп және қажет
болса, реттеп тұрыңыз.
– Айналатын дөңгелек (11) бастапқы күйінде болғанына
көз жеткізіңіз.
– Бір қолмен айналатын дөңгелекті (11) ұстап алыңыз
да, басқа қолмен қысқыш иінтіректі (7) сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
– Айналатын дөңгелектің көмегімен жетек
блогының (12) биіктігін енгізілген алмалы-салмалы
аспапқа және дайындама биіктігіне сәйкес реттеп
шығыңыз.
– Қысқыш иінтіректі (7) сағат тілінің бағытымен қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: қысқыш иінтіректе (7), оны пайдалануға ең
қолайлы немесе бос орын үнемдейтін күйге бұрау мүмкін
болуы үшін, бос жүріс бар.
Қысқыш иінтірек тартылған жағдайда, жетек блогының
тұтқасын ары тартып, қажетті күйге бұраңыз және оның
қайта бүгілуіне мүмкіндік беріңіз.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу
– Дисплейді (14) іске қосу үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
– Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
Енді айналу жиілігін реттеуге болады.
Өшіру
– Бұрғылауды аяқтау үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
немесе
– Электр құралын толықтай өшіру үшін
ажыратқышты (13) "0" күйіне бұраңыз.
Нұсқау: электр құралы енді қуат көзінен ажыратылған.
Ағымдағы барлық реттеулер жойылады.
Bosch Power Tools
Quick Stop функциясы
Алмалы-аспап, мысалы, дайындамаға ілініп
қалған кезде, электр құралын Quick Stop
функциясы арқылы жылдам өшіруге болады.
– Ажыратқышты (13) қысқаша әрі жылдам басыңыз.
Электр құралы мен дисплей бірден өшіп қалады.
Нұсқау: электр құралы енді қуат көзінен ажыратылған.
Ағымдағы барлық реттеулер жойылады.
– Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін
ажыратқышты (13) "0" күйіне кері бұрау керек.
Сонан соң электр құралын қайта іске қосуға болады
(ажыратқыш (13)
күйінде).
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс электр қуатының берілуі
үзілгеннен кейін (мысалы, жұмыс кезінде желілік ашаны
тарту арқылы) электр құралының бақылаусыз іске
қосылуына жол бермейді.
– Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін
ажыратқышты (13)
күйіне кері бұрау керек.
Сонан соң электр құралын қайта іске қосуға болады
(ажыратқыш (13)
күйінде).
Артық жүктемеден қорғаныс
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскен
жағдайда, электр құралының электроникасы өздігінен
өшіп қалады.
– Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін
ажыратқышты (13)
күйіне кері бұрау керек.
Сонан соң электр құралын қайта іске қосуға болады
(ажыратқыш (13)
күйінде).
Айналу жиілігін реттеу
Жұмысты бастаудан бұрын дұрыс айналу жиілігін
u
реттеп шығыңыз. Айналу жиілігі бұрғы диаметрі
мен бұрғыланатын материалға сәйкес келуі керек.
Айналу жиілігі қате реттелген жағдайда, электр құралы
дайындамаға ілініп қалуы мүмкін.
Тиісті айналу жиілігін реттеген кезде айналу жиіліктерінің
диаграммасын (6) қараңыз. Диаграммада болат (Steel)
және алюминий (Aluminium) материалдарына арналған
бұрғы диаметріне (Ø мм бойынша) байланысты
реттелетін айналу жиілігі (айн/мин) көрсетіледі.
Берілістің механикалық таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышын (21) электр құралы
u
тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (21) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.
Қазақ | 165
1 609 92A 4N5 | (07.07.2020)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents