Bosch GLI PortaLED 102 Original Instructions Manual page 60

Hide thumbs Also See for GLI PortaLED 102:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
OBJ_BUCH-1497-006.book Page 60 Tuesday, January 10, 2017 9:24 AM
60 | Қaзақша
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату (А суретін қараңыз)
Зарядталған аккумуляторды 5 аккумулятор қысқышына
тығыз тиіп тұрғанын сезгенше және дұрыс жатқанша
салыңыз.
Қосу/өшіру
Пайдалануға ендіру үшін аккумуляторлық фонарьдың
қосқышын/өшіргішін 1 басыңыз.
Аккумуляторлық фонарьды өшіру үшін
қосқышты/өшіргішті 1 қайтадан басыңыз.
Қайта қосу өшкеннен 1 сек соң мүмкін болады.
Энергияны үнемдеу үшін аккумуляторлық фонарьды тек
пайдаланғанда қосыңыз.
Жарықты реттеу
Қосқыш/өшіргішті 1 қысқа басып, аккумуляторлық
фонарьді максималды жарықтықпен қосыңыз. Керекті
жарық көлемі жетілгенше қосқыш/өшіргішті 1 үш
басқышты басып, ұстап жарықтықты сәйкестендіріңіз.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Радиатор температурасы рұқсат етілген 60 °C артып кетсе
аккумуляторлық фонарь өшеді. Аккумуляторлық
фонарьды суытып қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары (B–C суреттерін
қараңыз)
Тірек қамытпен 6 шабадан қақпағын 45 ° күйінде
бұғаттауға болады. Аккумуляторлық фонарьді шабадан
қақпағы толық ашық немесе болса да пайдалану мүмкін.
Жарықтандыру ұзақтығы ≤10 минуттан ұзақ болса
аккумуляторлық фонарь 3 рет жыпылықтап кемірек
жарықтықпен жанады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталығына барыңыз.
Аккумуляторлық фонарь техникалық қызмет көрсетуді
қажет етпейді және ауыстыруды немесе қызмет көрсетуді
қажет ететін элементтерді қамтымайды.
Зақымдарды болдырмау үшін аккумуляторлық
фонарьдың пластик дискісін тек құрғақ, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
1 609 92A 2NS | (10.1.17)
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде аккумуляторлық фонарьдың
зауыттық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін
хабарлаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Аккумуляторлық фонарьларды,
аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау
материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс
утилизациялауға тапсыру керек.
Аккумуляторлық фонарьларды және
аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына
тастамаңыз!
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gli portaled 136Gli portaled 238

Table of Contents