Download Print this page

Philips GC8900 Series User Manual page 12

Hide thumbs Also See for GC8900 Series:

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
14
1 Үтікті тік позицияда ұстап, бу шығару түймесін басып, киімге үтіктің табанын жайлап тигізіп, үтікті жоғары және
төмен жылжытыңыз (13-сурет).
Қауіпсіз тірек
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына қоюға болады (6-сурет).
OptimalTEMP технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын бүлдірмейтінін қамтамасыз етеді.
Қуат үнемдеу
ECO (ЭКО) режимі
ECO (ЭКО) режимін пайдалану арқасында (будың шығуын азайтады) үтіктеу нәтижесіне әсер етпестен энергияны
үнемдеуге болады.
1 ECO (ЭКО) режимін қосу үшін, ECO түймесін басыңыз (14-сурет). Жасыл ECO (ЭКО) шамы жанады.
2 ECO (ЭКО) режимін қосу үшін, ECO түймесін қайтадан басыңыз. Жасыл ECO (ЭКО) шамы өшеді.
Автоматты түрде өшіру
Энергияны үнемдеу үшін, құрылғы 10 минут қолданылмай тұрса, автоматты түрде өшіп қалады. Қосу/өшіру
-
түймесіндегі автосөндіру жарығы жыпылықтай бастайды.
-
Құрылғыны қайта белсендіру үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрылғы қайта жылына бастайды.
Ескерту: құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны бағалаусыз қалдыруға болмайды.
Қолданып болған соң, құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және күту
Құралды қақтан тазалау
«EASY DECALC» шамы жыпылықтай бастағаннан кейін, EASY DECALC функциясын тезірек қолдану өте маңызды
(15-сурет).
«EASY DECALC» шамы шамамен бір ай өткеннен немесе 10 рет үтіктегеннен кейін жыпылықтай отырып,
құрылғыдан қаспақты кетіру керектігін білдіреді. Үтіктеуді жалғастырмас бұрын, келесі EASY DECALC процедурасын
орындаңыз.
Ескертпе: Су қатты болса, қақтан тазалау жиілігін арттырыңыз.
Ескерту: Күйік қаупін болдырмау үшін құрылғыны ажыратып, EASY DECALC
процедурасын орындау алдында кемінде екі сағат суытыңыз (16-сурет).
1 Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан суырыңыз.
2 Алынбалы су ыдысын шығарып алыңыз (2-сурет).
3 Үтіктің түпқоймасынан үтікті алыңыз.
4 Бу генераторының түпқоймасынан алып, сілкіңіз (17-сурет).
5 EASY DECALC тұтқасын алыңыз (18-сурет).
6 Бу генератор негіздемесін шұңғылшаның үстінен ұстап тұрып, EASY DECALC тесігі арқылы босатыңыз
(19-сурет).
Ескертпе: құрылғыны еңкейткен кезде ауыр салмағын ескеріңіз.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Gc8930Gc8940Gc8952Gc8960Gc8942Gc8962 ... Show all