LG G3s D724 User Manual page 215

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 312
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалану туралы аймағыңыздағы заң және
нұсқауларды тексеріңіз.
Көлік жүргізгенде, қолда ұсталатын телефонды пайдаланбаңыз.
Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
Көлік жүргізу ережелері бойынша талап етілсе, қоңырау шалмас немесе
қабылдамас бұрын, көлікті жол шетіне тоқтатыңыз.
Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары секілді көліктегі
кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін.
Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе тасымалды сымсыз
жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате жұмыс жасағандықтан, ауа қабының
ашылуына кедергі жасауы немесе ауыр жарақатқа апаруы мүмкін.
Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда не болып жатқанын
байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл жолдардың жанында болғанда әсіресе
маңызды.
Құлаққа зақым келтірмеуге тырысу
Ықтимал есту қабілетіне зиянды болдырмау үшін ұзақ уақыт бойы
жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Ұзақ уақыт бойы музыканы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау есту қабілетіне зиян
келтіруі мүмкін. Сондықтан гарнитураны құлақ жанында қоспауға немесе өшірмеуге
кеңес беріледі. Сондай-ақ музыка мен қоңырау дыбыс деңгейлері қалыпты деңгейде
болуы тиіс.
Құлақаспапты пайдаланғанда, жаныңыздағы адамдардың сөзі естілмесе немесе
қасыңыздағы адам тыңдап жатқаныңызды естісе, дыбыс деңгейін азайтыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: құлақаспаптардан және гарнитуралардан шығатын дыбыс қысымы
өте жоғары болса, есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
8

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents