Bluetooth - LG E988 User Manual

Hide thumbs Also See for E988:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 407
Желілерге және құрылғыларға қосылу
5
Күй жолағы Wi-Fi күйін білдіретін белгішелерді көрсетеді.

Bluetooth

Көптеген басқа ұялы телефондардағы сияқты Bluetooth мәзірінен
емес, іске қосылған сәйкес қосымша арқылы деректерді жіберу
үшін Bluetooth мүмкіндігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ.
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап бермейді.
• Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы қысқартылады.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы
мүмкін.
Bluetooth мүмкіндігін қосып, телефоныңызды Bluetooth
қосылған құрылғымен жұптау
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
1
> Қосымшалар қойындысы > Баптаулар > Желілер
қойындысы > Bluetooth функциясын ҚОСУ мәніне қою
опциясын түртіңіз.
2
Bluetooth мәзірін қайтадан түртіңіз. Телефонды көрінетін
ету опциясын және құрылғыларды іздеу опциясын көресіз.
Енді Bluetooth ауқымындағы құрылғыларды көру үшін
Құрылғыларды іздеу опциясын түртіңіз.
3
Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз.
Жұптау сәтті болғанда, құрылғыңыз екінші құрылғыға қосылады.
40

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents