LG G3 S User Manual page 254

Hide thumbs Also See for G3 S:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 325
Желілерге жəне құрылғыларға қосылу
КЕҢЕС! Егер компьютерде Windows 7 жүйесі немесе Linux жүйесінің кейбір
түрлерінің соңғы таратылымы (мысалы, Ubuntu) орнатылған болса, əдетте
компьютерді байланыс үшін дайындаудың қажеті жоқ. Бірақ сізде Windows
жүйесінің бұрынғы нұсқасы немесе басқа амалдық жүйе орнатылған болса,
USB арқылы желілік байланыс орнату үшін компьютерді дайындау қажет болуы
мүмкін. Қай амалдық жүйелер USB модемін қолдайтыны жəне оларды реттеу
əдісі туралы ақпарат алу үшін http://www.android.com/tether торабына кіріңіз.
Жылжымалы ену нүктесінің атын өзгерту немесе қорғау
Телефонның Wi-Fi желісінің атын (SSID) өзгертуге жəне оның Wi-Fi желісін қорғауға
болады.
> Қосымшалар қойындысы > Баптаулар > Желілер қойындысы
>
1
> Модем ретінде пайдалану жəне желілер > Wi-Fi кіру нүктесі опциясын
түртіңіз.
Wi-Fi кіру нүктесін орнату түймесін түртіңіз.
2
Тасымалданатын Wi-Fi кіру нүктесін орнату тілқатысу терезесі ашылады.
Wi-Fi желілерін іздегенде басқа құрылғылар көретін Желі SSID (атын) өзгертуге
болады.
Сондай-ақ, Wi-Fi Protected Access 2 (WPA2) қауіпсіздігі, алдын ала бөлінген кілті
(PSK) бар желіні орнату үшін Security (Қауіпсіздік) мəзірін түртуге болады.
Егер WPA2 PSK қауіпсіздік опциясын түртсеңіз, Тасымалданатын Wi-Fi кіру
нүктесін орнату тілқатысу терезесіне құпия сөз жолы қосылады. Егер құпия
сөзді енгізсеңіз, бұл құпия сөзді телефонның ену нүктесіне компьютермен
немесе басқа құрылғымен қосылғанда енгізу керек болады. Я болмаса Wi-Fi
желіңізден қауіпсіздікті алып тастау үшін Қауіпсіздік мəзірінде Ашық мəнін
таңдаңыз.
Сақтау опциясын түртіңіз.
3
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қауіпсіздік опциясын Ашық мəніне орнатсаңыз,
желідегі қызметтерді басқа адамдардың рұқсатсыз пайдалануының алдын
алу мүмкін болмайды жəне қосымша ақы алынуы мүмкін. Рұқсат етілмеген
пайдалануды болдырмау үшін қауіпсіздік опциясын қосу күйінде сақтауға кеңес
беріледі.
38

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-d722

Table of Contents