Қос Салқындату Жүйесі; Еріту; Нөлдік Температура Бөлімі - Hotpoint HBT 18I Instructions Of Use

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қос салқындату жүйесі
Тоңазытқыш екі бөлек салқындату
жүйелерімен жабдықталған, балғын
тамақты салқындату бөлімі жəне
қатырылған тамақ бөлімі. Осылайша,
балғын тамақ бөлімі мен қатыру
бөліміндегі ауа араласпайды. Осы екі
бөлек салқындату жүйелерінің
арқасында салқындату жылдамдығы
басқа тоңазытқыштарға қарағанда
əлдеқайда жоғары. Бөлімдердегі иістер
араласпайды. Сондай-ақ, қосымша
қуатты үнемдеу қамтамасыз етілген,
өйткені еру жеке-жеке орындалады.
Еріту
A) Тоңазыту бөлігі
Тоңазыту бөлімі толық автоматты еріту
функциясын орындайды.
Еріген су аппараттың артындағы жинау
ыдысы арқылы төгу түтігіне барады.
Судың электр бөліктерге немесе еденге
төгілуін болдырмау үшін түтік соңымен
компрессордағы жинау науасына
тұрақты түрде қойылғанын тексеріңіз.
B) Қатыру бөлігі
NO FROST (МҰЗ ЖОҚ) түріне жататын
еріту толығымен автоматты түрде
өтеді. Сіздің килігуіңіз қажет емес. Су
компрессор науасында жиналады.
Компрессор қызуына байланысты су
буланады.
Ескертулер!
Тоңазытқыш жəне балғын тамақ
бөлімдерінің ішіндегі желдеткіштер
салқын ауаны айналдырады. Қорғаныс
арқылы ешқашан заттарды салмаңыз.
Балаларға балғын тамақ жəне
тоңазытқыш желдеткішімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұтанғыш жарылғыш газ
бар өнімдерді (мысалы, диспенсерлер,
спрейлер, т.б.) немесе жарылғыш
заттарды ешқашан сақтамаңыз.
Сөрелерді ауа айналымына кедергі
жасауы мүмкін ешбір қорғағыш
материалдармен жаппаңыз. Балаларға
аппаратпен жұмыс істеуге немесе
басқару тетіктерін бүлдіруіне жол
бермеңіз. Аппараттан ең жақсы мүмкін
өнімділікті алу үшін желдеткіш
қаптамасына кедергі келтірмеңіз.
Желдеткіштердің бұғатталмағанын
(тоқтамағанын) я болмаса тамақпен
немесе орамамен зақымдалмағанын
тексеріңіз. Желдеткішті бұғаттау
(тоқтату) немесе зақымдау ішкі
мұздатқыш температурасының
артуына əкеледі (еру).
Нөлдік температура бөлімі
Бұл бөлім талап бойынша
баяу еритін (ет, балық, тауық, т.б.)
қатырылған тағамды сақтауға
арналған. Нөлдік температура бөлімі
- сүт өнімдерін (ірімшік, май), етті,
балықты немесе тауық етін идеалды
сақтау жағдайларында сақтауға
болатын тоңазытқыштың ең суық
орны. Осы бөлімге көкөністер жəне/
немесе жемістер салмау керек.
13 | KK

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents