Rohs Директивасының Талаптарына; Сəйкестік; Балалар Қауіпсіздігі; Weee Директивасына Жəне Қоқыс Өнімді Лақтыру Талаптарына Сəйкестік - Hotpoint HBT 18I Instructions Of Use

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Тоңазытқыштың үстіне ешқашан
заттар қоймаңыз, әйтпесе,
тоңазытқыш есігін ашып-жапқанда,
ол заттар құлап кетуі мүмкін.
Дәл сақтау температурасы қажет
болғандықтан, вакциналарды, ыстық
сезгіш дәрі-дәрмектерді және
ғылыми материалдарды және т.б.
тоңазытқышта сақтамау керек.
Тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, оны
розеткадан ажырату керек.
Кабельдегі проблема болса, ол өрт
шығуына себеп болуы мүмкін.
Ашаның ұшын тұрақты түрде құрғақ
шүберекпен тазалап тұру керек,
әйтпесе, ол өрт тудыруы мүмкін.
Реттелетін аяқтары еденге дұрыс
орнатылмаса, тоңазытқыш жылжып
кетуі мүмкін. Еденге берік
орнатылған реттелетін аяқтар
тоңазытқыштың жылжуының алдын
алады.
Тоңазытқышты тасымалдағанда,
оны есік тұтқасынан ұстамаңыз.
Әйтпесе, ол сынып кетуі мүмкін.
Бір құрылғыны тоңазытқыш немесе
қатырғыш жанына қою керек болса,
олардың арасындағы арақашықтық
кемінде 8 см болуы керек. Әйтпесе,
іргелес бүйірлік қабырғалары
ылғалдануы мүмкін.
RoHS директивасының
талаптарына сәйкестік
Бұл өнім ЕО WEEE директивасының
(2011/65/EU) талаптарына сай. Ол
директивада көрсетілген зиянды
және тыйым салынған
материалдарды қамтымайды.
Балалар қауіпсіздігі
Есікте құлып болса, кілтті
балалардың қолы жетпейтін жерге
қою керек.
Өнімді зақымдамас үшін,
балаларды қадағалау керек.
WEEE директивасына
және қоқыс өнімді лақтыру
талаптарына сәйкестік
Бұл өнім ЕО WEEE
директивасының (2012/19/EU)
талаптарына сай. Бұл өнімде қоқыс
электр және электрондық өнімнің
(WEEE) сыныптама таңбасы бар.
Бұл өнім қайта пайдалануға
болатын және қайта өңдеуге
жарамды жоғары сапалы
бөліктер мен материалдар
көмегімен өндірілген.
Қызмет көрсету мерзімі
аяқталғанда қоқыс өнімді
қалыпты тұрмыстық және
басқа қоқыстармен бірге лақтырмаңыз.
Оны электр және электрондық
жабдықты қайта өңдеуге арналған
жинау орталығына апарыңыз. Осы
жинау орталықтары туралы мәліметтер
алу үшін жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз.
Орама туралы ақпарат
Өнімнің орама материалдары біздің
ұлттық қоршаған ортаны қорғау туралы
ережелерге сай қайта өңделетін
материалдардан жасалған. Орама
материалдарын үй немесе басқа
қоқыстармен бірге тастамаңыз.
Оларды жергілікті билік органдары
белгілеген орама материалын жинау
орындарына апарыңыз.
Ұмытпаңыз...
Кез келген қайта өңделген зат - табиғат
пен ұлттық актив байлығымыз үшін аса
маңызды мәселе.
Орама материалдарын қайта бағалау
жұмысына ат салысқыңыз келсе,
еліңіздегі қоршаған ортаны қорғау
ұйымдарына немесе
муниципалитеттерге хабарласа аласыз.
6 | KK

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents