Bosch Professional GCM 305-254 D Original Instructions Manual page 248

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 27
248 | Қазақ
Монтаждау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
u
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі
Пайдалану нұсқаулығында берілген жеткізу
көлемінің сипаттамасына назар аударыңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара төсемі орнатылған панельдік ара
– Қысқыш дөңгелек (45)
– Жылжымалы тіреуіш планка (28)
– Бұрандалы қысқыш (41)
– Алты қырлы дөңбек кілт / крест ойықты бұрауыш (43)
– Шаң жинағыш қап (37)
– Дайындама тіреуіштері (26) (2 дана)
Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер
кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Бөліктерін орнату
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Жинақтағы құрылғы элементтерін орнату кезінде
жұмысты оңтайландыру үшін электр құралының
тасымалдау күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Дайындама тіреуіштерін монтаждау (A1 суретін
қараңыз)
Дайындама тіреуіштерін (26) электр құралының сол, оң
немесе алдыңғы жағында орналастыруға болады. Икемді
штепсельдік жүйе ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының
алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді (G суретін
қараңыз).
– Қажет болса, дайындама тіреуішін (26) электр
құралындағы бекіткіштерге (47) немесе екінші
дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (48) енгізіңіз.
Электр құралын еш жағдайда дайында
u
тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспаптарын пайдаланыңыз.
1 609 92A 8HX | (23.03.2023)
Қысқыш дөңгелекті монтаждау (A2 суретін қараңыз)
Қысқыш дөңгелек (45) реттелген тік еңіс бұрышын
бекітеді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажет.
– Алты қырлы гайканы бұрандалы болттан (49) бұрап
шығарыңыз.
– Қысқыш дөңгелекті (45) сағат тілінің бағытымен
бұрандалы болтқа (49) бұрап орнатыңыз да, мықтап
тартыңыз.
Жылжымалы тіреуіш планканы монтаждау (A3
суретін қараңыз)
Жылжымалы тіреуіш планканы (28) аралау алдында
монтаждау қажет.
– Ара төсемінің оң жағындағы тіреуіш планканы (28)
тиісті ойыққа кіргізіп, бұғаттау бұрандасын (44)
мықтап тартыңыз.
Тіреуіш планканың тегістелген бөлігі ара төсеміне
қарай ішке қарап тұруы тиіс.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (B1−B2 суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (15)
пайдаланылады.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде монтаждау
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын
биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
u
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
u
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Иілмелі орнату (ұсынылмаған!) (B3 суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышты орнату керек.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты
u
тұрмай, максималдық горизонтальды және/
немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау
кезінде құлауы мүмкін.
– Құлаудан сақтауды (20) электр құрал жұмыс
аймағында тура тұрғанша бұраңыз.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents