Bosch MUM50123 Instruction Manual page 209

Universal kitchen machine
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
Дайындау
■ Негізгі бұйымды тегіс және таза бетке
қойыңыз.
■ Кабельді шығарыңыз (D суреті).
Кабель бөлімі:
Кабельді қалаулы ұзындыққа
дейін шығарыңыз.
Назар аударыңыз!
Кабельді салған кезде айналдырмаңыз.
■ Ашаны розеткаға қосыңыз.
Ыдыс және құрал
W Айналмалы құралдан
жарақаттану қаупі
Қолдану барысында ыдысты ұстамаңыз.
Тек жабылған қақпақпен (11) жұмыс
істеңіз!
Құралды / көмекші құралды жетек
тоқтатылған күйінде болғанда ғана
алмастырыңыз – жетек өшірілгеннен
кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады
және құралды алмастыру күйінде тұрады.
Айналмалы тұтқаны алдымен құралдың
бос жүріс күйіне жылжытыңыз.
Пайдаланбаған жетектерді қорғаныс
қақпағымен жабыңыз.
Назар аударыңыз!
Ыдысты тек осы бұйыммен жұмыс істеген
кезде ғана қолданыңыз.
Бұлғауыш (12)
қамырды бұлғауға арналған,
мысалы, кекс қамыры
Қаққыш (13)
жұмыртқа ақуызын, кілегейді қағу
және жеңіл қамырды бұлғауға
арналған, мысалы, бисквит
қамыры
Илегіш (14)
ауыр қамырды илеу және
майдаланбайтын ингредиенттерді
араластыруға арналған (мысалы,
жүзім, шоколад жоңқасы)
Ыдыспен және құралмен жұмыс істеу
E суреті:
■ Босату түймесін басып,
айналмалы тұтқаны 2 күйіне
жылжытыңыз.
■ Ыдысты орнату:
Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп
тіреңіз, содан кейін сағат бағытына
қарсы тірелгенше бұраңыз.
■ Өңдеу тапсырмасына байланысты
бұлғауыш, қаққыш не илегішті жетекке
тірелгенше енгізіңіз.
Нұсқау:
Илегіш жағдайында қамыр жапқышты
илегіш енгізілгенше бұраңыз
(E-4b суреті).
■ Өңделетін ингредиенттерді ыдысқа
салыңыз.
■ Босату түймесін басып,
айналмалы тұтқаны 1 күйіне
жылжытыңыз.
■ Қақпақты орнатыңыз.
■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы
қадамға қойыңыз.
Біздің ұсыныс:
– Бұлғауыш:
алдымен 1-қадамда араластырып,
содан кейін 4-қадамды таңдаңыз
– Қаққыш:
4-қадам, 1-қадамда араластырыңыз
– Илегіш:
алдымен 1-қадамда араластырып,
2-қадамда қағыңыз
Ингредиенттермен толтыру
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш
арқылы өшіріңіз.
■ Ингредиенттерді қақпақтағы құйғыш
арқылы толтырыңыз.
немесе
■ Қақпақты алып тастаңыз.
■ Босату түймесін басып,
айналмалы тұтқаны 2 күйіне
жылжытыңыз.
■ Ингредиенттерді толтырыңыз.
Қолдану
kk
209

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mum50 seriesMum50123/06

Table of Contents