Қауіпсіздік Нұсқаулары - Electrolux EHF6232FOK User Manual

Hide thumbs Also See for EHF6232FOK:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 45
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Осы құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есіктің жанына немесе
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Фанера, ас үйге арналған жақтау
материал не басқа жанбайтын
материалдан оқшаулағыш панель
жасап, оны құрылғының астыңғы
жағынан кірмеу үшін орнатыңыз.
• Бөлгіш панель пештің астыңғы
жағындағы аумақты толық жабуы керек.
88
ҚАЗАҚ
2.2 Электр тогына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Барлық электр қосылымын білікті
электрші .
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Қандай да бір әрекетті орындау
алдында, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғы дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз. Бос әрі дұрыс емес электр
желісінің кабелі немесе ашасы (бар
болса) ағытпаны тым ысытып жіберуі
мүмкін.
• Дұрыс желілік кабельді пайдаланыңыз.
• Желілік кабельдің шатасуына мүмкіндік
бермеңіз.
• Амортизатор орнатылғанын тексеріңіз.
• Сымға деформацияға қарсы
қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны розеткаға жалғаған кезде
желілік кабель немесе аша (бар болса)
ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
• Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасы (бар болса) мен
желілік кабельге ешбір зақым
келтірмеңіз. Зақымдалған желілік
кабельді ауыстыру үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электр маманына хабарласыңыз.
• Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents