LG -D285 User Manual page 327

Hide thumbs Also See for LG-D285:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 352
Баптаулар
All manuals and user guides at all-guides.com
LG сақтық көшірме қызметі – барлық ақпараттың сақтық көшірмесін құрылғыңызға сақтайды және
оны деректер жоғалғанда немесе ауыстырғанда қалпына келтіреді.
Зауыттық деректерді қалпына келтіру – параметрлерді зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарады
және барлық деректерді жояды. Егер телефонды осы әдіспен қалпына келтірсеңіз, сізден алғашқы
рет Android жүйесін қосқанда сұралған ақпаратты қайта енгізуіңізді сұрайды.
< Күн және уақыт >
Күндер қалай көрсетілетінін орнату үшін Күн және уақыт параметрлері тармағын пайдаланыңыз.
Сондай-ақ, осы параметрлерді ұшқыр желіден алынған ағымдағы уақыттан басқа өзіңіздің жеке
уақытыңызды және уақыт белдеуін орнату үшін пайдалануыңыз мүмкін.
< Арнайы мүмкіндіктер >
Телефонда орнатылған арнайы мүмкіндіктер қосылатын модульдерін реттеу үшін Арнайы
мүмкіндіктер параметрлерін пайдаланыңыз.
< Компьютерге жалғау >
USB қосылым әдісін таңдау – қажетті режимді орнатыңыз: Телефонды зарядтау, Медиа
үндестіру (MTP), Модем ретінде пайдалану, LG бағдарламалық құралы немесе Бейнені жіберу
(PTP).
Қосылу барысында сұрау – компьютерге қосылғанда USB байланыс режимін сұрау.
Анықтама – USB байланысы туралы анықтама.
PC Suite – LG PC Suite бағдарламалық құралын Wi-Fi байланысымен пайдалану үшін осы құсбелгіні
қойыңыз. Wi-Fi желісінің LG PC Suite құралына Wi-Fi байланысы арқылы қосылуы керектігін
ескеріңіз.
Анықтама – LG бағдарламалық құралы туралы анықтама.
< Accessory >
QuickWindow case (QuickWindow жинағы) – QuickWindow жинағын пайдаланғанда музыка, ауа
райы және сағат сияқты мүмкіндіктерді кішігірім көріністе қол жетімді ету үшін іске қосыңыз.
Plug & Pop құлаққабы: құлаққаптарға арналған Plug & Pop функциясын орнатады. Құлақаспапты
қосқанда қолданба тақтасын автоматты түрде көрсету үшін App panel (Қолданба тақтасы) опциясын
белгілеңіз. Қол жетімді еткіңіз келген қолданбаларды өзгерту үшін Қолданба панелін өңдеу
опциясын түртіңіз.
< Телефон туралы >
Құқықтық ақпаратты қараңыз, телефон күйін және бағдарлама нұсқасын тексеріңіз.
80

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents