LG -D285 User Manual page 241

Hide thumbs Also See for LG-D285:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 352
All manuals and user guides at all-guides.com
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
Ұшаққа мінер алдында, қалта телефонын сөндіріңіз.
Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балалар
Телефонды кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде сақтаңыз. Оның құрамында
ажыратылған жағдайда тұншығу қаупін төндіретін кішкентай бөлшектер бар.
Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан шалынбай қоюы мүмкін. Сондықтан
төтенше қоңыраулар шалу үшін тек осы телефонға сенім артуға болмайды. Жергілікті қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
Батарея ақпараты және күтімі
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа батарея жүйелерінен
өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін жад әсері жоқ.
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG зарядтағыштары батареяның
жарамдылық мерзімін арттырады.
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз. Алмастырудан бұрын батареяны жүздеген рет
зарядтауға болады.
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған батареяны зарядтаңыз.
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі сияқты ылғалдылығы
жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін
болса, қайта пайдалану үшін тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең жақын қызмет көрсету
орталығына немесе дилеріне апарып, көмек алуға болады.
9

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents