Сымды Қосылымы Бар Басқару Құралын Пайдалану; Басқару Құралын Зарядтау - Sony DualSense Edge Instruction Manual

Playstation wireless controller
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Сымды қосылымы бар басқару
құралын пайдалану
Басқару құралын сымды қосылыммен пайдалану үшін,
алдымен қосылым әдісін орнатуыңыз керек. PS5
бастапқы экранынан Settings (Параметрлер)
Accessories (Керек-жарақтар) > Controller (General)
(Басқару құралы (Жалпы)) > Communication Method
(Байланыс әдісі) тармағын таңдап, Use USB Cable
(USB кабелін пайдалану) параметрін таңдаңыз.
USB кабелін басқару құралына бекіту
Кабель ажыратылмау үшін, USB кабелін басқару
құралына бекітіңіз. Коннектор корпусын ашып, USB
кабелін коннектор сыртқа шығып тұратындай етіп ішіне
салыңыз. Одан кейін коннектор корпусын жабыңыз.
USB кабелін басқару құралына жалғағаннан кейін
басқару құралына USB кабелін бекіту және босату үшін
коннектор корпусының сырғытпасын пайдаланыңыз.
Коннектор корпусы тек жинақпен берілген USB
кабелімен үйлесімді.
Басқару құралын зарядтау
PS5 консолі қосылып тұрғанда немесе тыныштық
режимінде болғанда, басқару құралын жинаққа кіретін
USB оралған кабелі арқылы консольге қосыңыз. Басқару
құралын тыныштық режимінде зарядтағанда, басқару
>
құралындағы жарық жолағы қызғылт сары түспен баяу
жыпылықтайды. Зарядтау аяқталғанда, жарық
жолағы өшеді.
• Тыныштық режимінде басқару құралын зарядтау
үшін, параметрлерді конфигурациялау керек.
PS5 бастапқы экранынан Settings (Параметрлер)
> System (Жүйе) > Power Saving (Қуат үнемдеу)
> Features Available in Rest Mode (Тыныштық
режимінде қолжетімді мүмкіндіктер) > Supply
Power to USB Ports (USB порттарына қуат жеткізу),
тармағын таңдаңыз, одан кейін Off (Өшіру)
параметрінен басқа параметрді таңдаңыз.
• Басқару құралын USB кабелі арқылы компьютерге
немесе басқа USB құрылғысына қосу арқылы
зарядтауға да болады. USB стандарттарына сәйкес
келетін USB кабелін пайдаланыңыз. Басқару
құралыңызды кейбір құрылғыларда зарядтау
мүмкін емес.
Басқару құралын тасымал
қорабында зарядтау
Басқару құралын тасымал
қорабында сақтағанда
зарядтауға болады. Қораптың
артқы жағындағы клапанды
ашып, USB кабелін басқару
құралына жалғаңыз.
KZ
85

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Cfi-zcp1Playstation dualsense edge

Table of Contents