Сақтық Шарасы: Теледидардың Құлап Түсуіне Жол Бермеу Үшін Оны Қабырғаға Бекіту - Samsung UE32T4510AU User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 24
Сақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол бермеу үшін оны
қабырғаға бекіту
Абайлаңыз: ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ,
балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына көз жеткізіңіз. Бұл
әрекет теледидардың төңкеріліп кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе
қазасына себеп болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы
сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Орнықтылық пен қауіпсіздікті қосымша
қамтамасыз ету үшін келесі бетте сипатталған аударылып кетуден сақтайтын құралды
сатып алып орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз. Теледидар қондырғысы құлап
кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін. Мына сияқты
қарапайым сақтық шараларын орындау арқылы көптеген зақымдарға, әсіресе балалардың
жарақат алуына жол бермеуге болады.
• Теледидар өндірушісі ұсынған шкафтарды немесе тұрғыларды немесе құрастыру әдістерін
пайдаланыңыз.
• Теледидарды қауіпсіз түрде көтеріп тұра алатын жиһазды ғана пайдаланыңыз.
• Теледидар орналастырылған жиһаздың шетінен теледидардың шығып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
• Балаларға теледидарға немесе оның басқару құралдарына жету үшін жиһаздың үстіне
шығудың қауіпті екенін түсіндіріңіз.
• Теледидарға жалғанған сымдар мен кабельдерді оларға кісі сүрініп, тартып қалмайтындай
немесе жұлып алмайтындай етіп өткізіңіз.
• Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз.
• Теледидарды биік жиһаздың (мысалы, шкафтың немесе кітап сөресінің) үстіне қойғанда,
жиһаз бен теледидарды қолайлы тіреуге анкермен бекітпей тұрып қоюға болмайды.
• Теледидар мен тіреуіш жиһаздың арасында болуы мүмкін матаның немесе басқа
материалдардың үстіне теледидарды қоюға болмайды.
• Ойыншық немесе қашықтан басқару пульті сияқты заттарды теледидардың немесе
теледидар қойылған жиһаздың үстіне қоюға болмайды, себебі балалар олардың үстіне
шығуға тырысуы мүмкін.
Егер қолданыстағы теледидарды сақтауға қоятын немесе орнын ауыстыратын болсаңыз,
жоғарыдағы шараларды ескеру қажет.
Қазақ - 9

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents