Panasonic ER-GP30 Operating Instructions Manual page 39

Ac/rechargeable professional hair clipper
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЕСКЕРТУ
Бірге берілген айнымалы ток адаптерін басқа ешбір
мақсатта пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, бірге
берілген айнымалы ток адаптерімен ешбір басқа
өнімді пайдаланбаңыз.
(42 бетін қараңыз.)
- Әйтпесе, қысқа тұйықталуға байланысты күйіп қалуыңыз
немесе ток соғуы мүмкін.
Құрал айнымалы тоқ адаптерінде белгіленген
кернеумен сәйкес келетін электр қуаты көзіне
жалғанғанын міндетті түрде көз жеткізіңіз.
Қуат айырын толығымен кіргізіңіз.
- Әйтпесе, өрт шығуы немесе тоқ соғуы мүмкін.
Тазалаған кезде, қуат айырын әрдайым розеткадан
суырып қойыңыз.
- Әйтпесе, ток соғуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Шаң жиналып қалмауы үшін, қуат айырын және зарядтау
құрылғысының айырын әрдайым тазалап отырыңыз.
- Әйтпесе, ылғалдылыққа байланысты оқшаулау жоғалуы
себебінен өрт шығуы мүмкін.
Қуат айырын ажыратып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
► Әдеттен тыс жағдайда немесе ақаулық болса
Әдеттен тыс жағдай немесе бұзылу орын алса,
пайдалануды дереу тоқтатып, қуат айырын суырып
алыңыз.
- Әйтпесе, өрт шығуы, ток соғуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
<Әдеттен тыс немесе бұзылу жағдайлары>
• Негізгі бөлік немесе айнымалы тоқ адаптері
майысқан немесе әдеттен тыс ыстық.
• Негізгі бөлік немесе айнымалы тоқ адаптерінен
күйген иіс шығады.
• Пайдалану немесе зарядтау кезінде негізгі бөлік немесе
айнымалы тоқ адаптері әдеттен тыс дыбыс шығарады.
- Дереу қызмет көрсету орталығына хабарласып, тексеруін
немесе жөндеуін сұраңыз.
► Осы өнім
Бұл өнімде ішіне орнатылған қайта зарядталатын
батарея бар. Жалынға немесе жылуға лақтырмаңыз.
- Әйтпесе, батарея ағып кетуі, қызып кетуі немесе жарылуы
мүмкін.
Өзгертуге немесе жөндеуге болмайды.
- Әйтпесе, өрт шығуы, ток соғуы немесе жарақат алу мүмкін.
Жөндету (батареяны ауыстыру, т.б.) үшін өкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді тастаған кезден басқа жағдайда бөлшектемеңіз.
- Әйтпесе, өрт шығуы, ток соғуы немесе жарақат алу мүмкін.
► Сәтсіз оқиғаларды болдырмау
Балалардың немесе сәбилердің қолы жететін жерде
сақтамаңыз. Оларға пайдалануға жол бермеңіз.
- Жүзді және/немесе май ыдысын ауызға салу сәтсіз
оқиғаларға және жарақаттануға алып келуі мүмкін.
39

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents