Қазақша - Philips HF3480 User Manual

Hide thumbs Also See for HF3480:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Philips Wake-up Light жарық оятқышы ояну сәтін сіз үшін мейлінше жағымды қылуға жағдай
жасайды. Ояту уақытына қалған 30 минут бойы шамның жарық қарқыны орнатылған деңгейге
дейін үдеп артады. Жарық бағдарламаланған уақытта денеңізді оянуға биязылықпен
дайындайды. Оянуды одан да жағымды қылу үшін табиғат дыбыстарын немесе FM радиосын
пайдалануға болады.
Wake-up Light жарық оятқышы жарық пен дыбысты орнатылған уақытта толық өшірместен
бұрын оларды біртіндеп азайтуы үшін ымырт қызметін пайдалануға болады.
Wake-up Light жарық оятқышының әсерлері
Ұйқының соңғы жарты сағат уақытында Philips Wake-up Light жарық оятқышы денеңіздің
оянуына жағымды жағдай тудырады. Таңғы уақытта адам көзі күндізгіге қарағанда жарыққа өте
сезімтал болады. Осы кезеңде табиғи таң сәріні ұқсататын салыстырмалы төмен қарқынды
жарық денені оянуға және дабылды қабылдауға дайындайды. Wake-up Light жарық оятқышын
пайдаланатын адамдар әдеттегіден жеңіл оянып, таңертеңгі көңілдері көтеріңкі және күш-
қуаттары жоғары болады. Жарыққа сезімталдықтың әр адамда әр түрлі болғандықтан, күніңіз
жақсы басталу үшін сіздегі Wake-up Light жарық оятқышыңыздың жарық қарқынын өзіңізге
ыңғайлап қоюыңызға болады.
Wake-up Light жарық оятқышы жөнінде қосымша ақпарат үшін www.philips.com сайтын
қараңыз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a Булықтар
B Лампа орны
C Ток сымы
D Антенна
E Дисплей
1
Жарық белгісі
2
Уақыт пен оятқыш уақытының сағаттық көрсеткіші.
3
Уақыт белгісі
4
Оятқыш белгісі
5
Радио белгісі
6
"Құстар сайрауы" дыбысының белгісі
7
"Зуылдақ" дыбысының белгісі
8
"Африкалық джунгли" дыбысының белгісі
9
"Желқоңырау" дыбысының белгісі
10 Ымырт қызметінің белгісі
11 Дисплей жарықтығының белгісі
12 Уақыт пен оятқыш уақытының минуттық көрсеткіші.
13 Дыбыс деңгейінің белгісі
F Функция таңдағыштары
1
Жоғарғы функция таңдағышы: жарықты қосу/өшіру және жарық қарқыны
2
Ортаңғы функция таңдағышы (SET): мәзір мен радио жиілігі
3
Төменгі функция таңдағышы: радионы қосу/өшіру және дыбыс қарқыны
g "Оятқышты қосу", "оятқышты өшіру" және "қалғу" қалыптары бар басқару рычагы
ҚазаҚша
55

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents