Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Нұсқаулар - Polaris PBS 0609L Manual Instruction

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 39
шығыңыз, құралмен бірге жеткізілетін барлық бұйымдардың зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз, сонымен қатар құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына кіретін барлық
бөлшектерінің және керек-жарақтарының болуын тексеріңіз. осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың («Құрылғының сипаттамасы») 3 тарауын қарап шығыңыз.
Құрылғының сыртқы корпусынан барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларды алып
тастаңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын аккумулятордың толық зарядталуын тексеру қажет, яғни
оның аккумуляторы толығымен зарядталып тұрғандығына коз жеткізіңіз, осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың («Аккумуляторды пайдалану») тарауын қарап шығыңыз.
5 ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Гироскутерді тегіс емес немесе тайғақ қабатта пайдаланбаңыз. Бұл пайдаланушының
құлауына әкеп соғуы мүмкін.
Көлік құралдарының қозғалысына арналған жолдарға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге
арналған жаяу өтпе жолдарға шығуға тыйым салынады.
Пайдаланушының максималды рұқсат етілетін салмағы 120 кг.
Пайдаланушының минималды рұқсат етілетін салмағы шексіз, бірақ (сенсорлар минималды
5 кг ықтимал салмаққа орнатылған).
Гироскутерді пайдалану барысында қорғаныс жарағы мен шлемді (құрылғының жеткізілім
жиынтықтылығына кірмейді) киіңіз.
12 жасқа толмаған балалар мен аяғы ауыр әйелдерге гироскутер құрылғыны пайдалануға
тыйым салынады, ал егде жастағы адамдарға бұл құрылғыны қолдануға кеңес берілмейді.
Гироскутерде секіруге тыйым салынады, сондай-ақ бұл құрылғы баспалдақтық марштар
бойымен қозғалып жылжуға арналмаған.
Гироскутер құрылғыны қатты қарқынмен жылжып айдауға болмайды, сонымен қатар
гироскутердің үстіне тұрып, жылжыған кезде жоғары жылдамдықпен шұғыл бұрылыс
жасауға, сондай-ақ кенеттен тоқтауға немесе орнынан бірден қозғалып жылжуға тыйым
салынады.
Көлбеу жазықтыққа кесе-көлденең бағытталған қозғалыс жоспардан тыс техникалық жөндеу
жұмыстарын жүргізу қажеттілігін тудыру мүмкін немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүзеге асырудың қажеттілігіне әкеп соғуы мүмкін, мұндай қозғалыстың теріс
әсері гироскутер құрылғының теңгерімнің бұзылуына әкелуі мүмкін. Апаттық гироскутерді
пайдалануға мүлдем болмайды.
Гироскутердің қозғалысы барысында пайдаланушының екі аяғы құрылғыдағы аяқпен
басқарылатын иінтірек басқышта тұруы қажет. Құрылғының корпусына баспаған жөн, бұл
құрылғының зақымдалануына немесе апаттық жағдайға әкеп соғуы мүмкін.
Құрылғыға техникалық қызмет көрсету (тазалау) барысында гироскутер мен оның
қоректендіру көздері тоқтан ажыратылуы тиіс.
Құрылғыны субұрқақ, жасанды және өзге суайдындарының маңында пайдалануға тыйым
салынады. Құрылғыны суға батырып салуға болмайды.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдалану барысында оның дөңгелекті қозғалтқыштар тым қызып
кетуі мүмкін, сол себепте қандай бір жарақат қаупін туғызатын жағдайлардан сақтану үшін,
мысалы күйіп қалмас үшін бұл қозғалтқыштарға қолыңызды тигізбеңіз.
Гироскутер құрылғы электр желіге тікелей жалғасып, зарядталып жатқан кезде оны
пайдалануға мүлдем болмайды.
Құрамында алкоголь бар ішімдіктерді қабылдаған кезде, яғни мас күйінде болған кезде
немесе күшті дәрілік және есірткіш заттардың әсерінде болған кезде құрылғыны пайдалануға
тыйым салынады.
Құрамында алкоголь бар ішімдіктер және күшті дәрілік немесе есірткі заттар адамның
әлсіреуін тым жеделдетіп жібереді және бүкіл іс-әрекетін басқарып, қозғалыс үйлесімін
бұзады және тез реакциясын төмендетеді, сондай-ақ миының жұмысын бәсеңдетеді, яғни
жылдам әрі жүйелі түрде нақты ұғынуға және толықтай түсінуге қабілетсіздік тудырады,
сонымен бұл әсерлердің қаупі ауыр жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.
26

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents