Bosch Professional GNA 75-16 Original Instructions Manual page 82

Hide thumbs Also See for Professional GNA 75-16:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 8
82 | Қазақ
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) ауыстырып-
қосқышта І көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.
Ажыратқышты (1) бұғаттау үшін ауыстырып-қосқыштың
алдыңғы жағын қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) жіберіңіз.
Ажыратқыш бұғатталған кезде, ауыстырып-қосқыштың
артқы жағын басып, содан кейін жіберіңіз.
Кесу бағытын ауыстыру
Кесу бағытын ауыстыру үшін қалып ұстағышын (5) 90°
шамасына жылжытылған үш позицияға бұрауға болады.
Артқа қарай кесу (корпуска қарай) мүмкін емес.
Қалып ұстағышын (5) бұрау үшін бұранданы (2) қалып
ұстағышы бұралғанша босатыңыз. Оны электрлік
құралының бойлық осіне 90° шамасына оңға немесе
солға бұраңыз.
Бұранданың (2) қалып ұстағышындағы (5) саңылауға
кіргеніне көз жеткізіңіз. Бұранданы бұрап бекітіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
u
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
Жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғапты киіп,
u
арнайы ретте желі кабеліне абай болыңыз. Кесілген
табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз
мүмкін немесе желі кабелін зақымдауыңыз мүмкін.
Кесік жоңқасымен жұмыс істегенде сақ болыңыз.
u
Жоңқаның қырлары өткір болып, сізге жарақат тигізуі
мүмкін.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Электр құралын әрдайым табақ бетіне тігінен
ұстап, оны қисайтпаңыз.
Кесу штемпельді төмен қарай жылжыту арқылы
орындалады. Электр құралын кесу бағытымен біркелкі
және азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым
алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімін
айтарлықтай қысқартады және электр құралын
зақымдауы мүмкін.
Электр құралы кесу кезінде сәл көтерілсе, баяу жұмыс
істейді. Штемпель кесу кезінде қысылып қалса, электр
құралын өшіріп, штемпельді майлаңыз да, табақты
босатыңыз. Күш салмаңыз, әйтпесе штемпель мен қалып
зақымдалады.
1 609 92A 7MJ | (27.04.2022)
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы d
материалдың беріктігіне байланысты болады.
Электр құралымен ең көбі мына қалыңдыққа ие
табақтарды кесуге болады:
Материал
макс. беріктігі
2
(Н/мм
Болат
400
600
800
Алюминий
200
Штемпельді майлау/суыту
Штемпельдің (6) қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жақсы
салқындататын майлағыш құралды (мысалы, кескіш
құралға арналған майды) пайдалану керек.
Табақтың жоғарғы жағына жоспарланған кесік
сызығының бойымен майлағыш құралды жағыңыз.
Кертілген таңба немесе үлгі бойынша кесу
Электр құралы сызғыш бойынша бағыттау кезінде тік
кесіктер оңай орындалады.
Электр құралын үлгі бойымен бағыттау арқылы
контурларды кесуге болады.
Ішкі кесіктер жасау үшін 21 мм диаметріндегі саңылауды
алдын ала бұрғылау қажет.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Штемпельді (6) және қалыпты (7) әр 3 жұмыс сағаты
сайын тазалап майлаңыз.
Штемпель мен қалыпты дер кезінде алмастырыңыз,
себебі тек өткір құралдар жоғары кесу өнімділігіне қол
жеткізіп, электр құралын сақтайды.
Штемпельді (6) және қалыпты (7) қосымша өткірлеуге
болмайды.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
өңделетін
max
d
max
)
(мм)
1,6
1,0
0,7
2,0
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gna 75-16 professional

Table of Contents