Saeco RI8329/09 Operating Instructions Manual page 47

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қуат көзі
Қуат көзі
Кофе құрылғысын тек сəйкес қуат көзіне
қосыңыз. Кернеу құрылғының деректер
тақтайшасында көрсетілгенге сай болуы
керек.
Қуат сымы
Қуат сымы
Қуат сымы зақымданған немесе ақаулы
болса, кофе құрылғысын ешқашан
пайдаланбаңыз. Зақымданған болса, қуат
сымын өндіруші немесе уəкілетті қызмет
көрсету орталығы ауыстыруы керек. Қуат
сымын бұрыштарға, өткір нəрселерге немесе
ыстық нысандарға жақындатпаңыз жəне
майдан аулақ ұстаңыз.
Қуат сымын кофе құрылғысын алып
жүру немесе тарту үшін пайдаланбаңыз.
Қосқышты қуат сымынан тартпаңыз немесе
оны ылғалды қолмен ұстамаңыз.
Қуат сымы үстелдерден немесе текшелерден
салбырап тұрмасын.
Басқалардың қауіпсіздігі үшін
Басқалардың қауіпсіздігі үшін
Балаларды əрқашан қадағалаңыз жəне
оларға құрылғымен ойнауға жол бермеңіз.
Балалар электр тұрмыстық құрылғыларға
қатысты қауіп-қатер туралы білмейді.
Құрылғы орамының материалдарын балалар
қолы жететін жерде қалдырмаңыз.
Күю қаупі
Күю қаупі
Қатты қызған бу жəне /немесе ыстық су
ағындарын ешқашан өзіңізге қаратпаңыз.
Əрқашан жабдықталған саптар мен тетіктерді
пайдаланыңыз.
Кофе қайнату барысында сүзгі ұстағышын
ешқашан ажыратпаңыз (алмаңыз). Жылыту
кезеңінде қайнату бөлігінен ыстық су
тамшылауы мүмкін.
Түйме (18 -
) басулы кезде ешқашан кофе
қайнатпаңыз, өйткені бу функциясы қосулы
жəне қайнатқыштың температурасы тым
жоғары.
Орын
Орын
Кофе құрылғысын төңкерілу немесе
зақымдану қаупі жоқ жерге қойыңыз.
Ыстық су мен ысыған бу құрылғыдан
шашырауы мүмкін: Күйіктер алу қаупі бар!
Күйіктер алу қаупі бар!
Құрылғыны 0°C-тан төмен температурада
сақтамаңыз. Аяз құрылғыны зақымдауы
мүмкін.
Кофе құрылғысын үй сыртында
пайдаланбаңыз.
Оның корпусының еруінің немесе
зақымдануының алдын алу үшін, құрылғыны
ыстық беттерге немесе ашық отқа жақын
қоймаңыз.
Тазалау
Тазалау
Құрылғыны тазаламас бұрын оны ON/OFF
түймесін басу арқылы өшіріп, қосқышты қуат
көзінен суырыңыз.
Сондай-ақ, құрылғы салқындағанша күтіңіз.
Құрылғыны ешқашан суға батырмаңыз!
Құрылғының ішкі бөлшектеріне тиісуге тыйым
салынады.
Ыдыста бірнеше күн бойы қалған суды
пайдаланбау керек. Ыдысты жуып, оны таза
ауызсумен толтырыңыз.
Пайдалануға жəне күтім
Пайдалануға жəне күтім
көрсетуге ыңғайлы жер
көрсетуге ыңғайлы жер
Кофе құрылғысының тиімді мен өнімді
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төмендегі
нұсқауларды орындау ұсынылады:
беті тегіс жерді таңдаңыз;
жеткілікті жарық, таза жəне оңай қол
жететін қуат көзіне жақын орынды
таңдаңыз;
мына суретте көрсетілгендей, құрылғының
жан-жағында аз ғана орын қалдырыңыз:
(A сур.).
(A сур.)
Құрылғыны сақтау
Құрылғыны сақтау
Егер құрылғы біраз уақытқа дейін
пайдаланылмайтын болса, оны өшіріп,
қуат көзінен ажыратыңыз. Құрылғыны
балалардың қолы жетпейтін құрғақ жерде
сақтаңыз. Оны шаң мен кірден қорғалған
күйде сақтаңыз.
Жөндеу жұмыстары / Күтім
Жөндеу жұмыстары / Күтім
көрсету
көрсету
Ақаулық, проблема немесе құрылғының
құлауынан туындаған ақаулық болған
жағдайда, қуат сымын дереу қуат
көзінен суырып тастаңыз. Ақаулығы бар
құрылғыларды ешқашан пайдаланбаңыз.
Қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстарын
тек уəкілетті қызмет көрсету орталықтары
ғана орындаулары керек. Білікті емес
мамандар орындаған жұмыстан туындаған
зақымдар болса, кез келген жауапкершіліктен
бас тартамыз.
Өрттің алдын алу шаралары
Өрттің алдын алу шаралары
Өрт болған жағдайда, көмір қышқылы (CO
бар өрт сөндіргіштерді қолданыңыз. Суды
немесе құрғақ ұнтақ өрт сөндіргіштерді
пайдаланбаңыз.
)
2
• 47 •

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ri8329

Table of Contents