Масштабты ұлғайту немесе кішірейту
Суретке түсіру не бейне жазу барысында камера экранын үлкейтуге не
кішірейтуге болады.
•
Камера экранында масштабты үлкейту не кішірейту үшін, екі
саусағыңызды жақындатып не алыстатып, көрсетілген +/- жылжыту
жолағын пайдаланыңыз.
•
Алдыңғы камераны селфи режимінде пайдаланған кезде масштаб
мүмкіндігі қолжетімді емес.
Селфи сурет
Экранда өз бетіңізді көріп, селфи түсіру үшін алдыңғы камераны
пайдалануға болады.
Қол қимылы суреті
Қимылдарды қолдану арқылы селфи түсіруге болады.
Алдыңғы камераға алақаныңызды көрсетіп, жұдырық түйіңіз.
Сондай-ақ, жұдырығыңызды түйіп, алдыңғы камераға қарсы ашуға
болады.
•
Үш секунд ішінде фотосурет түсіріледі.
Пайдалы қолданбалар
77