Philips AVENT SCD841 Manual page 280

Hide thumbs Also See for AVENT SCD841:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
280
Қазақша
Ескі өнімді және батареяны тастау
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Кірістірілген батареяны алып тастау
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдардан
және бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/EU Еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын
білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропалық директивасына сай келетін, қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
Кәсіпқой зарядталмалы батареяны алуы үшін өнімді ресми жинау орнына немесе Philips
сервистік орталығына апару қатаң ұсынылады. Электр және электрондық өнімдер мен
зарядталмалы батареяларға арналған жергілікті жеке жинау жүйесімен танысыңыз.
Жергілікті ережелерді орындаңыз және өнім мен батареяларды ешқашан қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Ескі өнімдер мен батареяларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге көмектеседі. Егер еліңізде электронды
өнімдерді жинау/қайта өңдеу жүйесі жоқ болса, құлақаспапты қоқысқа тастаудан
бұрын батареяны алып тастау және қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны
қорғауыңызға болады.
Батареяны алмас бұрын гарнитураның зарядтау корпусынан ажыратылғанын тексеріңіз.
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орауышты екі материалға оңай
бөлінетін етіп жасауға тырыстық: картон (қорап) және полиэтилен (сөмкелер,
қорғағыш көбік орауышы).
Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп,
қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы
біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді
ұстаныңыз.
Ескерту: Кәсіпқойдың зарядталмалы батареяны алуы ұсынылады.
Құрылғыны тастау кезінде қайта зарядталатын батареяны ғана алып тастаңыз.
Батареяны алып тастау алдында оның толығымен бос екендігін тексеріңіз. Тек ата-ана
бөлігінде батарея бар.
Процедура:
1 Ата-ана бөлігі астынан 2 резеңке аяқты алыңыз.
2 Ата-ана бөлігі астынан енді көрінбейтін 2 бұранданы алыңыз.
3 Антеннаны тік күйде салып, енді көрінбейтін артқы корпустағы бұранданы алыңыз.
4 Арасына бұрағышты күштеп салумен алдыңғы корпустан артқы корпусты
алыңыз. 2020 жылғы тамыздан кейін жасалған жаңа нұсқалар үшін* техникалық
деректер тақтайшасының астына тағы 2 бұранда бұралған. Техникалық деректер
тақтайшасын алып тастаңыз, бұрандаларды бұрап алыңыз, белдік қысқышын
босатыңыз да, батарея бөлімінің есігін ашыңыз.
5 Батарея коннекторы кабелін ажыратыңыз (қара-ақ-қызыл кабель).
6 4 бұранданы батарея ұстағышынан ажыратыңыз. 2020 жылғы тамыздан кейін
жасалған жаңа нұсқалар үшін бұрандалар жоқ.
7 Батареяны алыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents