Маңызды Қауіпсіздік Ақпараты - Қосымша Пайдалану Құжаттамасын - Philips AVENT SCD841 Manual

Hide thumbs Also See for AVENT SCD841:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
258
Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
МАҢЫЗДЫ
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нәресте мониторы тек көмекші құрал ретінде ғана жасалған. Ол жауапкершілікті
және орнықты ересек бақылауын алмастыра алмайды, оны бұл мақсатпен қолдануға
болмайды.
Нәрестені ешқашан үйде жалғыз қалдырмаңыз. Әрқашан нәрестеге қарайтын адамның
болатынын тексеріңіз және оның қажеттіліктеріне мән беріңіз.
Бас тарту
Бұл нәресте мониторын өз тәуекеліңізбен пайдаланатыныңызды ескеріңіз. Koninklijke
Philips N.V. және оның еншілес компаниялары осы нәресте мониторының жұмысы
үшін және оны пайдалануыңыз үшін жауапты емес, сондықтан осы нәресте мониторын
пайдалануыңызға қатысты ешқандай жауапкершілікті өзіне алмайды.
Қауіпті жағдайлар
-
Нәресте мониторының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
болмайды. Құралды су немесе басқа сұйықтық тамып не шашырап кететін жерге
қоюға болмайды. Нәресте мониторын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.
-
Нәресте мониторының үстіне ешнәрсе қоймаңыз және оны жаппаңыз. Ешқандай
желдету саңылауларын қалқаламаңыз. Өндіруші нұсқауларына сай орнатыңыз.
Назар аударыңыз: Тұншығу қаупі — Балалар сымға шырмалып қалып,
тұншығуы мүмкін. Бұл сымды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
(ең көбі 3 фут (0,9 м) қашықтықта). Бұл тегті жоймаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Адаптердің ешбір бөлігін өзгертпеңіз немесе кеспеңіз, бұл қауіпті жағдайды
тудырады.
-
Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз.
-
Адаптер зақымдалған жағдайда, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
-
Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған
болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және одан жоғары
жастағы балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе
тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға пайдалануға болады. Балалар құралмен
ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету
қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Қуат сымының әсіресе аша ұштарын, электр розеткаларын және олардың құралдан
шығатын жерлерін басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents