Қазақша - Philips HD7140 Quick Manual

Hide thumbs Also See for HD7140:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
24
ҚазаҚша
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!
Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді
www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
-
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз және ағын судың астында шаймаңыз.
абайлаңыз!
-
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
-
Штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
-
Ток сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Ток сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе
үстелдің шетінен ток сымы салбырап тұрмауы тиіс.
Ескерту
-
Құралды ыстық бетке қоймаңыз және ток сымының ыстық бетіне тиюін болдырмаңыз.
-
Кофе қайнату кезінде ақаулық пайда болса және құралды тазалар алдында, оны ток көзінен
ажыратыңыз.
-
Су ыдысына ешқашан сүт, кофе, ыстық немесе газдалған су құймаңыз.
-
Бұл құрал үй ішінде және келесі орындарда қолдануға арналған:
- дүкендегі, кеңседегі және басқа да жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған
асханалар;
- фермалар;
- қонақ үйлер, мотельдер және басқа да тұрғын орындары;
- жатақ пен таңғы ас берілетін жерлер.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.
Пайдалануға дайындау
1
Құралды тегіс, тұрақты бетке қойыңыз.
2
Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3
Құралдың артындағы жинайтын орынға сағат тілімен орап, артық сымды жинап
қойыңыз (Cурет 1).
Ток сымын ыстық беттерге тигізбеңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents