Download Print this page

Philips NT9110 User Manual page 8

Hide thumbs Also See for NT9110:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚаЗаҚша
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы
ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін
өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
Кесу элементі
A
Шаш кесу
B
^= «Ашу» көрсеткіші
C
Бағдарлама көрсеткіші
D
Батарея орнының қақпағы
E
Мотор бөлігі
F
0 = «Өшіру» көрсеткіші
G
I = «Қосу» көрсеткіші
H
Мөрлейтін сақина
I
Қорғаныс қақпақ
J
Қысқа қас тарағы (3мм/0.12дюйм)
K
Ұзын қас тарағы (5мм/0.2дюйм)
L
Қылшақ
M
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте
қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескерту
-

Физикалық мүмкіндігі мен ойлау
қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі
аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның
қадағалауымен немесе құралды қалай пайдалану
жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана
қолдануына болады.
-


Балалардың құралмен ойнамауын
қадағалаңыз.
абайлаңыз
-
Бұл құрал тек батареямен ғана қызмет етеді.
-
Егер кесу элементі немесе құралдың өзі
зақымдалған немесе сынған болса, құралмен
қолдануға болмайды, себебі бұл қауіп туғызуы
мүмкін.
-
Құралды тек 15°C және 35°C температурасы
аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және
сақтауға болады.
-
Бұл құрал тек қана мұрын ішіндегі шашты,
қастарды және желке шашын ғана кесуге арналған.
Бұл құралды басқа мақсатпен қолдануға болмайды.
-
Құралмды біраз уақыт бойы қолданбайтын
болсаңыз, онда батареларды алып тастаңыз.
-
Егер құрал үлкен температура, қысым немесе
дымқылдық өзгерісінде болған болса, оны
қолданар алдында 30 минуттай климатқа
бейімденуіне мүмкіндік беріңіз.
-
Тазалық мақсатымен, бұл құралды тек бір адам
ғана қолдануы тиіс.
-
Шу деңгейі: Lc = 62 dB [A]
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы
электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса,
қазіргі кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе
отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
Қолдануға дайындау
1
Батарея орнының қақпағын алу үшін, оны солға,
бағдарлама көрсеткіші «ашу» көрсеткішіне
келгенше бұраңыз ( ^). Содан соң, батарея
орнының қақпағын мотор бөлігінен суырып
алыңыз. (Cурет 2)
2
Батареяларды батарея орнына
салыңыз (Cурет 3).
Батарелардың + және – жақтары керекті бағытта
екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
Ескертпе: Құрал R6 AA 1.5-вольтті батареямен жұмыс
жасайды. Philips сілтілі батареяларды қолданған
дұрысырақ. Жаңа шыққан AA сілтілі батареялары 2
сағатқа дейін жұмыс жасайды.
3
Батарея орнының қақпағын мотор бөлігіне қарай
сырғытыңыз. Бағдарлама көрсеткіші «өшіру»
көрсеткішін көрсеткенше, қақпақты оңға қарай
бұраңыз (Cурет 4).
4203.000.5888.2
Мөрлеу сақинасы дұрыстап орнына келгендігін
,
тексеріңіз (Cурет 5).
Батареяның ағуынан зақым тигізбеу үшін:
-
Құралды тікелей күн шуағына тигізбеңіз.
-
құралды 35°C температурасынан артық
температурада ұстамаңыз;
-
Егер құралды бір ай немесе одан көп уақыт бойы
қолданбайтын болсаңыз, батареяларды алып
тастаңыз.
-
бос батареяларды құралда қалдырмаңыз.
Құрылғыны қолдану
1
Құрылғыдан тарту арқылы қорғаныс қақпағын
алыңыз (Cурет 6).
2
Құрылғыны қосу үшін теңшеу көрсеткіші «I»
көрсеткішіне келгенше, батарея орнының
қақпағын оңға бұраңыз (Cурет 7).
3
Қайшыны алғаш қолданар алдында оны
қолыңыздың немесе аяғыңыздың кішкене
бөлігінде тексеріп көріңіз.
Егер кез келген тітіркену немесе аллергиялық
реакция пайда болса, оны қолдануды доғарыңыз.
Қайшыны сезімтал немесе тітіркенген теріге
қолданбаңыз.
4
Өзіңіздің мұрын ішіндегі шашты, құлақ
ішіндегі шашты, желке шашыңызды немесе
қастарыңызды осы тармақтың қалған бөлігінде
суреттегендей етіп кесіңіз.
5
Құрылғыны сөндіру үшін теңшеу көрсеткіші
«0 көрсеткішіне келгенше, батарея орнының
қақпағын солға бұраңыз (Cурет 8).
6
Қолданып болғаннан соң, зақым тигізуден сақ
болу үшін, қорғаныс қақпағын кесу элементіне
қайтадан қойыңыз.
Мұрын шаштарын кесу
Танауыңыз таза болсын
1
Кесу элементін абайлап, танауыңыздың біріне
кіргізіңіз.
Кесу элементін танауыңыздың біріне 0.5 см. ден
артық енгізбеңіз.
2
Құралды жәймен айналдырып жылжытыңыз,
сөйтіп мұрныңыздағы құтылғыңыз келген
шаштарды алып тастайсыз. (Cурет 9)
Құлақ шаштарын алу
Сыртқы құлақ каналдарыңыз таза және күкірт жоқ
екендігін қамтамасыз етіңіз.
1
Кесу элементін жәймен құлақтың жиегі бойынша
жылжытыңыз, сөйтіп жиектен шығып тұрған
керек емес шаштарды алып тастаңыз (Cурет 10).
2
Кесу элементін сыртқы құлақ каналына кіргізіңіз.
Кесу элементін сыртқы құлақ каналына 0.5 см. ден
артық енгізбеңіз, себебі бұл сіздің құлағыңыздың
барабан жарғағына зақым тигізуі мүмкін.
3
Құралды жәймен айналдырып жылжытыңыз,
сөйтіп құлағыңыздың сыртқы каналындағы
құтылғыңыз келген шаштарды алып
тастайсыз (Cурет 11).
Желке шашын кесу
1
Кесу элементін жәймен теріңізге қойып, құралды
теріңіздің үстінен шаштың өсу бағытына
қарсы жәймен жылжытыңыз. (Cурет 12)
Қас шаштарын қыру
Қысқа және ұзын қас тарақтарымен сіз құралды
қас шаштарының ұзындықтарын бірдей етуіге
қолдануыңызға болады.
1
Қас шаштарын шаш өсу бағытында тарап
алыңыз (Cурет 13).
2
Қысқа немесе ұзын тарақты өзіңіз қалаған шаш
ұзындығына байланысты таңдаңыз. «Қысқа»
және «ұзын» көрсеткіштері тарақта белгіленген.
-
Қысқа тарақ: 3мм/0.12 дюйм
-
Ұзын: 5мм/0.2 дюйм
Кеңес: Біз сізге ұзын тарақпен кесуді бастаңыз деп
кеңес береміз. Егер сіз сонда да болса қас шаштарыңыз
тым ұзын деп ойласаңыз, онда қысқа тарақты
қолданыңыз.
3
Қас тарағын кесу элементіне сырғытып енгізіңіз.
Қас тарағы екі жағындағы тесікшелерге дұрыстап
енгізілгендігін тексеріңіз (Cурет 14).
4
Құрылғыны қосу үшін теңшеу көрсеткіші «I»
көрсеткішіне келгенше, батарея орнының
қақпағын оңға бұраңыз (Cурет 7).
5
Тарақты қасыңыздың үстінен сыртқы ұшынан
бастап, мұрын негізіне қарай жылжытыңыз (шаш
өсу бағытына қарсы) (Cурет 15).
Ешқашан кірпіктеріңізді кесуге тырыспаңыз. Құралды
көздеріңізден алшақ ұстаңыз.
Тазалау
Құрылғыны қолданып болғаннан соң немесе кесу
элементінде көп шаш жиналып қалғанда, оны бiрден
тазалау керек.
Құралды тазалау үшін ешқашан тығыздалған ауа,
қыратын шүберек, қырғыш тазалау агенттерін немесе
бензин не ацетон тәріздес қырғыш сұйықтықтарды
қолданбаңыз.
Кесу басын ашуға немесе алып тастауға болмайды.
1
Құралды міндетті түрде өшіру керек
2
Кесу элементін қосымша берілген қылшықпен
тазалаңыз. Кесу элементінің жиектеріне қосымша
назар аударып отырыңыз (Cурет 16).
Кеңес: Барлық шашты алып тастау үшін, құралды
бір сәтке жұмыс жасатып, содан соң кесу элементін
қайтадан қылшықпен тазалаңыз.
3
Тарақтарды ағын су астында тазалаңыз.
4
Құралды қосыңыз.
5
Кесу элементін ыстық судың астына ұстап,
шайып алыңыз (Cурет 17).
6
Құралды сөндіріп, кептіріп алыңыз.
Кесу элементін ұруға болмайды.
Кесу элементін тазалау үшін өткір заттарды
қолдануға болмайды.
Ескертпе: Бұл құралды майлаудың қажеті жоқ.
алмастыру
Егер қас тарақтары зақымдалған болса, немесе тозса,
оларды міндетті түрде тек Philips қас тарақтарымен
ғана алмастырыңыз. Олар әкімшілік берілген Philips
қызмет орталықтарымен қамтамасыз етіледі.
Кесу элементін алмастыруға болмайды. Егер кесу
элементі зақымдалған немесе тозған болса, сіз
құралды толығымен тастауыңыз керек («Қоршаған
айнала» тармағын қараңыз) және орнына жаңа құрал
алуыңыз керек.
Қоршаған орта
-
Батареяларда қоршаған айналаға зиян келтіретін
заттар бар. Батареяларды босағанда немесе
құралды тастар алдында алып тастаңыз.
Батареяларды әдеттегі үй қоқысымен бірге
тастауға болмайды, оны арнайы ресми жинайтын
орынға апарып тапсырыңыз.
-
Қызмет мерзімі аяқталғанда, құрылғыны кәдімгі
қоқыспен бірге тастамаңыз, оның орнына
ресми жинау орнына тапсырыңыз.
Осылайша, сіз қоршаған ортаны сақтауға
көмектесесіз (Cурет 18).
кепілдік және қызмет
Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде
шешілмеген мәселе болса, Philips'тің интернет
бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе
өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына
телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз дүние жүзі
бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз).
Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы
жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips
дилеріне арызданыңыз немесе Philips'тің Үйге арналған
құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV
бөліміне арзызданыңыз.
кепілдік шектері
Егер құралды дұрыс қолданбасаңыз немесе/және
дұрыс күтпесеңіз, әлде оны құлатып алсаңыз, кепілдік
күшін жояды.
8/9

Advertisement

loading