Download Print this page

Маңызды Ақпарат - Panasonic ER1611 Operating Instructions Manual

Ac/rechargeable professional hair clipper

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Panasonic шаш алатын машинкасын таңдағаныңыз үшін
рақмет. Пайдаланбас бұрын барлық нұсқауларды оқыңыз.
Маңызды ақпарат
Қолдану алдында
Бұл шаш алатын машинка шашты және сақалды қырқу үшін кәсіби
пайдалануға арналған. Алғаш рет қолданар алдында, құралда
орнатылған қайта зарядталатын батареяларды 8 сағат бойы
зарядтаңыз. Ол қуат көзі адаптерімен де, қайта зарядталатын
батареялармен де жұмыс жасай береді. Қолданар алдында, барлық
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Ұстараны зарядтау
ER1611 шаш алатын машинкасын RE9‑39 адаптерімен ғана
қолданыңыз.
5 °C‑тан төмен немесе 35 °C‑тан жоғары температурада
батареяларды зарядтамаңыз.
Батареяларды тікелей күн сәулесі немесе жылу көздерінің жанында
зарядтамаңыз.
Алғаш рет қолданылғанда не болмаса толық зарядталғанмен 6 ай
немесе одан да көп уақыт бойы қолданылмағанда, қайта зарядтау
(
) шамы жыпылықтауы мүмкін. Бұл ақаулық емес.
Ұстара ұзақ уақыт қолданылмауы мүмкін, сондықтан қайта
зарядталатын батареялардың пайдалану мерзімін сақтау үшін оны
әр 6 ай сайын зарядтау қажет.
Қуат сымы ауыстырылмайды. Ол зақымдалса, қуат көзі адаптерін
қолданбаңыз.
Ұстараны қолдану
Ескерту: құрылғы құрғақ болуға тиіс.
Ұстара қолдану не зарядтау барысында қызып кетуі мүмкін. Ол
қалыпты құбылыс.
Қолданар алдында алмастың және саптамалардың
зақымдалмағанын тексеріңіз. Зақымдалған болса, оларды
ауыстырыңыз.
18
Шашты химиялық бұйралауға арналған құралды, шашты қалпына
келтіруге арналған құралды немесе шаш лагының ұстара корпусына
және алмасқа түсуінен сақ болыңыз.
Сақ болмау салдарынан жарықшақтану, түссіздену және тоттануға
әкеліп соғуы мүмкін.
Ұстараны жерге түсіріп алудан абай болыңыз.
Алмасты немесе саптамаларды қатты затқа ұруға болмайды.
Үй жануарларының жүнін қырқу үшін қолдануға болмайды.
Ұстараны тазалау
Құрылғыны сабынды суға малынған немесе дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Құралды тазалауға сілтілі ерітінділерді қолданбаңыз.
Ұстараны суға салмаңыз.
Ұстараны сақтау
Аталмыш құралды денелік, сенсорлық немесе ақыл‑ой
қабілеттіртері кем, сондай‑ақ тиісті білімі мен тәжірибесі жоқ
адамдардың (балаларды қосқанда) пайдалануына тиым салынған.
Мұндай адамдар құралды тек олардың қауіпсіздігіне жауапты
адамдардың қарауымен ғана пайдалана алады. Балаларға
құралмен ойнауды болдырмау мақсатында бақылау жүргізілу керек.
Құралдың қозғалыстағы бөлшектерін қолмен ұстауға тиым
салынады.
Ұстараның электр сым желісін тартпаңыз, ол ажыратылып зақым
келтіруі мүмкін.
Ұстара дұрыс жұмыс жасамаған жағдайда, өкілетті қызмет
орталығына апарып тексертіңіз.
Сипаттама
Қуат көзі: Атау жазылған тақта өнімде орналасқан.
(Кернеуді автоматты түрде өзгерту)
Электр қозғалтқыштың жұмыс кернеуі: 2,4 В айнымалы ток
Батареяны зарядтау уақыты: 1 сағат

Advertisement

loading