Google есептік жазбасын орнату
Телефонды алғаш қосқанда желіні белсендіру, Google есептік
жазбасына кіру және кейбір Google қызметтерін пайдалану жолын
таңдау мүмкіндігі бар.
Google есептік жазбасын орнату үшін:
Нұсқау берілген орнату экранынан Google есептік жазбасына
•
кіріңіз.
НЕМЕСЕ
Жаңа есептік жазба жасау үшін
•
қойындысын > Gmail сияқты Google қолданбасын таңдаңыз >
New (Жаңа) пәрменін таңдаңыз.
Google есептік жазбаңыз бар болса, электрондық пошта
мекенжайын және кілтсөзді енгізіп, Existing (Бар) тармағын
түртіп, Sign in (Кіру) пәрменін түртіңіз.
Google есептік жазбасын орнатқаннан кейін, телефоныңыз
автоматты түрде Интернеттегі Google есептік жазбасымен
қадамдастырылады.
Контактілер, Gmail хабарлары, Күнтізбе оқиғалары және
Интернеттегі осы қолданбалар мен қызметтердің басқа
ақпараттары телефонмен қадамдастырылады. (Бұл
қадамдастыру параметрлеріне байланысты болады.)
Жүйеге кіргеннен кейін Gmail™ қолданбасын пайдаланып,
телефондағы Google қызметтерінің артықшылықтарын қолдануға
болады.
> Apps (Қолданбалар)
37