Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
•
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не
жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің
функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
•
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
•
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
Түсіріп алмаңыз.
•
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
•
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде телефонды
•
сөндіріңіз. Мысалы, телефонды емханаларда пайдаланбаңыз,
өйткені ол медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға
•
болмайды. Бұл ток соғуына себеп болып, телефонды қатты
зақымдауы мүмкін.
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз,
•
өйткені гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш
•
немесе спирт қолданбаңыз).
Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
•
Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
•
Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға
•
шығармаңыз.
Телефонды кредит картасы немесе көлік билеттері жанында
•
ұстамаңыз, ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені бұл
•
телефонды зақымдауы мүмкін.
7