Bosch PSB Original Instructions Manual page 133

18 li -2 ergonomic
Hide thumbs Also See for PSB:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
OBJ_BUCH-2481-004.book Page 133 Monday, July 11, 2016 3:49 PM
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Реверсивті ауыстырып-қосқыш 6 орташа қуатқа реттеп
электр құралын кездейсоқ қосылуынан сақтайсыз.
Зарядталған аккумуляторды 9 артынан электр құралының
тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды толықтай
аккумулятор бұғатталғанша басыңыз.
Айналу бағытын орнату (В суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 6 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті 5 басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: Бұрғылау және бұрандаларды бұрап бекіту
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 6 оңға
тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: Шуруптарды босату немесе
бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
6 арқаға тірелгенше басыңыз.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін орнату сақинасының 2 көмегімен 20
деңгей ішінен қажет айналдыру моментін таңдауға
болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы бұранда
материалымен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе
орнатылған айналдыру моментіне жете сала тоқтайды.
" күйінде бекіту тіркесуі өшірілген, мысалы, бұрғылау
немесе өте үлкен шуруптарды бұрау үшін.
Шуруптарды бұрап алу кезінде жоғарырақ параметрді
таңдаңыз немесе қажет болса „
орнатыңыз.
Пайдалану түрін орнату (PSB 18 LI-2 Ergonomic)
(C суретін қараңыз)
Жұмыс түрін алдын ала реттеу сақинасымен 3 бұрау,
бұрғылау және перфораторлық бұрғылау арасында
таңдау мүмкін.
„Перфораторлық бұрғылау" күйінде храптық
жалғастырғыш ажыратылған болып максималды қуат
жетіледі.
Берілістің механикалы таңдалуы
 Беріліс ауыстырып-қосқышынын 4 тоқтауда
немесе жұмыс істеп тұрған электр құралында
қозғалту мүмкін. Бірақ оны толық жүктелу немесе
максималды айналымдар санында қылу мүмкін
емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышынында 4 2 айналымдар
сандарының көлемін таңдау мүмкін.
Беріліс I:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен
бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
Bosch Power Tools
Беріліс II:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы 4 тірелгенше жылжымаса,
бұрғы патронын бұрғы менен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 5 басып
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 5
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 5 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 5 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Жылдам өшіру
Жылдам өшіру электр құралының дұрыс басқарылуына
мүмкіндік береді. Кездейсоқ және күтілмеген ретте электр
құралы бұрғы айналасында айналса электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралында жарық диод
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
 Жылдам өшу тек электр құралдын максималды
жұмыстық айналымдар санымен жұмыс істеп
бұрғылау машинасының осінде еркін айналғанда
ғана жұмыс істеуі мүмкін. Ол үшін сәйкес күйді
таңдаңыз. Әйтпесе жылдам өшіру қосылмайды.
Қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті жіберіп қайта
пайдаланыңыз.
Толық автоматты шпиндель бекіту (автолок)
" таңбасына
Басылмаған қосқыш/өшіргіш 5 ретінде бұрғылау
шпинделі мен аспап патроны бекітіледі.
Бұл бос аккумулятор ретінде бұрандаларды бұрап кіргізу
және электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға
мүмкіндік береді.
Жүріс тежегіші
Қосқышты/өшіргішті 5 жібергенде, бұрғылау патроны
тежеледі және осылай жұмыс құралының жүрісі
тоқтатылады.
Шуруптарды бұрап бекіткенде қосқышты/өшіргішті 5
шуруп дайындамаға біртегіс бұрап бекітілгенде ғана
жіберіңіз. Бұл жағдайда шуруптың басы дайындамаға
тартылмайды.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Қaзақша | 133
1 609 92A 1HB | (11.7.16)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Psr

Table of Contents