LG -E440 Quick Reference Manual page 215

Hide thumbs Also See for LG-E440:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

АБАЙЛАҢЫЗ!
Құлыпты ашу өрнегін пайдалану кезінде қадағаланатын сақтық
шаралары.
Орнатылған құлыпты ашу өрнегін есте сақтау өте маңызды. Құлып өрнегі
5 рет қате енгізілсе, телефонды қолдану мүмкін болмайды. Құлыпты
ашу өрнегін, PIN кодын немесе кілтсөзді енгізу үшін 5 мүмкіндік беріледі.
5 мүмкіндіктің барлығын пайдаланып тастасаңыз, 30 секундтан кейін
әрекетті қайталауға болады.
Өрнекті, PIN кодын немесе кілтсөзді еске түсіре алмаған кезде:
< Өрнекті ұмытып қалсаңыз >
Егер телефоннан Google тіркелгісіне кіріп, өрнекті қатарынан 5
рет дұрыс енгізе алмасаңыз, экранның төменгі жағындағы Үлгіні
ұмыттыңыз ба? түймесін басыңыз. Содан кейін Google тіркелгісімен
кіруіңіз немесе құлыптау өрнегін жасаған кезде енгізілген Сақтық PIN
кодын енгізуіңіз қажет болады.
Егер телефонда Google есептік жазбасын жасамаған болсаңыз
немесе Сақтық PIN кодын ұмытып қалсаңыз, жабдық параметрлерін
қалпына келтіруіңіз қажет.
< PIN кодын немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз >
PIN кодын немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, толық қалпына
келтіруді орындауыңыз керек болады.
Абайлаңыз: Толық қалпына келтіруді орындасаңыз, барлық пайдаланушы
қолданбалары және пайдаланушы деректері жойылады.
ЕСКЕРТПЕ: Google тіркелгісіне кірсеңіз және Құлыпты ашу сөйлемін
ұмытып қалсаңыз, Қалпына келтіру PIN кодын енгізуіңіз керек болады.
11

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents