LG -P895 User Manual page 155

Hide thumbs Also See for LG-P895:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Негізгі экран
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонды шарлау бойынша біраз кеңестер берілген.
Түрту – мәзірді/опцияны таңдау немесе қолданбаны ашу үшін, оны түртіңіз.
Түрту және ұстап тұру - параметрлер мәзірін ашу немесе жылжытылатын
нысанды ұстау үшін, оны түртіп, ұстап тұрыңыз.
Сүйреу - тізімді айналдыру немесе баяу жылжыту үшін сенсорлы экран бетімен
сүйреңіз.
Шерту - тізімді айналдыру немесе тез жылжыту үшін сенсорлы экран бетімен
шертіңіз (тез сүйреңіз де, жіберіңіз).
ЕСКЕРТПЕ.
• Элементті таңдау үшін, белгішенің ортасын түртіңіз.
• Тым қатты баспаңыз, сенсорлық экран жай, қатты түртуді сезетіндей сезімтал.
• Қажетті опцияны түрту үшін, саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа түймелерді түртіліп
қалмаңыз.
Негізгі экран
Панельдерді көру үшін саусағыңызды солға немесе оңға жүргізіңіз. Әр тақтаны
қолданбалармен, жүктеулермен, виджеттермен және тұсқағаздармен реттеуге
болады.
ЕСКЕРТПЕ.
Телефон провайдеріне байланысты экранның кейбір бейнелері өзгеше болуы
мүмкін.
Негізгі экранның төменгі жағынан мәзір белгішелерін көруге болады. Мәзір
белгішелері ең көп пайдаланылатын функцияларға оңай, бір рет түртіп өтуге
мүмкіндік береді.
Қоңырау шалу үшін Телефон белгішесін түртіп, сенсорлы теру тақтасын
шығарыңыз.
Контактілерді ашу үшін Контактілер белгішесін түртіңіз.
Жазу кітапшасы функциясын ашу үшін, Қойын дәптеp белгішесін түртіңіз.
Хабарлар мәзірін ашу үшін Хабарламa белгішесін түртіңіз. Бұл жерде жаңа
хабар жасауға болады.
Экранның төменгі жағындағы Қосымшалар белгішесін түртіңіз. Барлық
орнатылған қолданбаларды қарай аласыз. Кез келген қолданбаны ашу үшін жай
ғана қолданбалар тізімінен түртіңіз.
13

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents