LG G3 Stylus Dual -D690 User Manual page 236

Hide thumbs Also See for G3 Stylus Dual LG-D690:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 357
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе
киімнен кем дегенде 1,5 см қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері бойынша
керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш ретінде
денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау керек және өнімді киімнен
кемінде 1,5 см қашықтықта ұстау керек. Деректер файлдарын немесе
хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі байланысын
қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын немесе хабарларды
тасымалдау осындай байланыс қол жетімді болмайынша кешігуі мүмкін.
Тасымалдау аяқталмайынша, жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы
нұсқаулықтары орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ!
Тек осы телефон үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, зарядтағышты
және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану
телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және қауіпті
болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет болғанда,
құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен ауыстыру
жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын
бөлшекпен бірдей болу керек.
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан алшақ
жерде ұстаңыз.
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен аулақ
жерде сақтау керек.
Түсіріп алмаңыз.
6

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents