Ескертулер Мен Ұсыныстар; Жалпы Қауіпсіздік; Қуатты Үнемдеу Және Қоршаған Ортаны Құрметтеу - Indesit IDV 75 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for IDV 75:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Ескертулер мен ұсыныстар
!
Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
KZ
сай өңделіп шығарылған. Бұл ескертулер қауіпсіздік
үшін берілген, сондықтан оларды мұқият орындау қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл кептіргіш қауіпсіздіктеріне жауапты адам
құрылғыны қолдану бойынша кеңес не нұсқау
бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой қабілеті
төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдармен (оның ішінде балалармен) қолданылуға
арналмаған.
• Бұл кептіргіш үйде пайдаланылуға арналған, кәсіби
пайдалануға арналмаған.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны кабелінен емес, айырынан ұстап тарту
арқылы розеткадан ағытыңыз.
• Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда оған балалар
жақындамауы тиіс. Кептіргішті пайдаланғаннан кейін
оны өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Балалар есікті
ойыншық ретінде қолданбауы үшін оны жауып қойыңыз.
• Балалар кептіргішпен ойнамауы үшін оларды бақылау
керек.
• Құрылғы дұрыс орнатылуы тиіс және оның тиісті
вентиляциясы болуы керек. Құрылғының артқы
жағындағы ауа кіретін саңылаулар, ауа шығатын
саңылаулар және ауа өтетін түтікті жабушы болмаңыз
(Орнату бөлімін қараңыз).
• Ауа түтігінің шығысын құрылғының артқы жағындағы
ауа кіретін саңылауға бағыттаушы болмаңыз.
• Кептіргіш шығарылған ауаны қолданбауы тиіс.
• Кептіргішті кілемге қойып пайдаланушы болмаңыз,
себебі кілем кептіргішке ауаның астыңғы жақтан
кіруіне кедергі жасайды.
• Кірлерді салмас бұрын кептіргіш бос екенін тексеріңіз.
Кептіргіштің артқы жағы қатты қызып кетуі мүмкін.
Жұмыс істеп тұрғанда оған тиюші болмаңыз.
• Сүзгі орнына мықтап қойылғанша кептіргішті
пайдаланбаңыз («Техникалық қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
• Кептіргішке тым көп кір салмаңыз (Ең көп жүктерді
«Кірлер» тарауынан қараңыз).
• Суы тамып тұрған заттарды кептіргішке салмаңыз.
• Киім жапсырмаларындағы нұсқауларды мұқият
тексеріңіз («Кірлер» тарауын қараңыз).
• Үлкен, өте көлемді заттарды кептіргіште кептірмеңіз.
• Акрилат талшықтарын жоғары температураларда
кептірмеңіз.
• Әрбір бағдарламаны өзінің салқын айналдыру
кезеңімен аяқтаңыз.
• Кептіргіш ішінде жылы заттар болғанда кептіргішті
өшірмеңіз.
• Әрбір қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу»
тарауын қараңыз).
• Конденсатор бөлігін мерзімді түрде тазалап отырыңыз
(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
• Кептіргіш айналасында талшықтардың жиналуына
жол бермеңіз.
• Кептіргіштің үстіне шықпаңыз. Ол зақымдалуға әкелуі мүмкін.
• Электр стандарттар мен талаптарды әрдайым
орындаңыз («Орнату» тарауын қараңыз).
• Әрдайым түпнұсқалы қосалқы бөлшектер мен
керек-жарақтарды сатып алыңыз («Қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
80
Кептіргіште өрт шығу қаупін азайту үшін төмендегі
шарттарды сақтау қажет:
• Заттар жуғыш затпен және сумен жуылған, шайылған
және сығу циклы арқылы өткізілген болса ғана
заттарды кептіргіште кептіріңіз. Сумен ЖУЫЛМАҒАН
заттарды кептіру өрт шығу қаупін төндіреді.
• Химиялық өнімдермен өңделген киімдерді кептірмеңіз.
• Май тамған немесе төгілген заттарды кептіргіште
кептірмеңіз, себебі олар өрт шығу қаупін төндіреді. Май
жұққан заттар, әсіресе кептіргіш сияқты қызу көздерінің
әсерінен күтпеген кезде тұтануы мүмкін. Заттар қызып,
майдың тотығу реакциясына себеп болады, ал тотығу
реакциясы қызу түзеді. Қызу ыдырап кетпесе, заттар
тұтану температурасына дейін қызып кетуі мүмкін. Май
жұққан заттарды қабаттастыру, үйіп қою немесе сақтау
салдарынан қызу ыдырамай, өрт шығу қаупі төнеді.
Май тамған маталарды немесе шаш күтіміне арналған
өнімдер жұққан маталарды кептіргіште кептіру қажет
болса, оларды алдымен қосымша жуғыш зат қосып
жуу керек. Сөйтіп, өрт шығу қаупі азаяды, бірақ мүлдем
жоғалмайды. Заттардың температурасын төмендету
үшін салқын айналдыру кезеңін қолдануға болады.
Ыстық күйде оларды кептіргіштен шығарып, үйіп не
қабаттастырып қоюға болмайды.
• Бензинмен, химиялық тазарту ерітінділерімен я басқа
тұтанғыш не жарылғыш заттармен тазаланған, жуылған,
олардың ішіне салынып қойған немесе олар тиген
заттарды кептіргіште кептіруге болмайды. Тұрмыстық
жағдайда қолданылатын өте тұтанғыш заттарға
май, ацетон, ішуге жарамайтын спирт, керосин, дақ
кетіргіштер, скипидар, балауыз және балауыз кетіргіштер
кіреді. Бұлар жұққан заттарды кептіргішке салмас бұрын
көбірек жуғыш зат салып, ыстық суда жуыңыз.
• Поролон (латекс көбігінен жасалған материал деп те
аталады) немесе оған ұқсас материалдардан жасалған
заттарды кептіргіште кептірмеңіз. Пеноматериалдар
қызған кезде өзінен өзі тұтануы мүмкін.
• Статикалық зарядтарды кетіру үшін кептіргіште
жұмсартқыш я оған ұқсас өнімдерді, өндірушісі
мұндай мақсатта қолдануға болатынын анық
көрсетпеген болса, қолданбаңыз.
• Металл заттар салынған ішкі киімдерді, мысалы
металл сымдары бар бюстгальтерлерді кептіргіште
кептіруге болмайды. Кептіру кезінде металл бөліктер
босап кетіп, кептіргішке зақым келуі мүмкін.
• Душ қалпақтары немесе сәбилердің су өткізбейтін
жабындары сияқты резеңке немесе пластмассалық
заттарды, полиэтилен немесе қағазды кептіргіште
кептіруге болмайды.
• Резеңке төселген заттарды, көбік резеңке төсемдері
бар киімдерді, жастықтарды, галоштарды және
резеңкемен қапталған спорттық аяқ киімдерді
кептірмеңіз.
• Қалталардағы заттарды, әсіресе шақпақтарды алып
тастаңыз.
!
ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам алынып, қызу
шашылып кететіндей таратылмаса, кептіру циклы
аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы болмаңыз.
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу
• Кептіруден бұрын артық суды шығару үшін барлық
заттарды жақсылап сығыңыз (кір жуғыш машинаны
қолдансаңыз, жылдамдығы жоғары сығу циклын
таңдаңыз). Мұның нәтижесінде, кептіру барысында
уақыт пен қуат үнемделеді.
• Әрдайым толық жүк салып кептіріңіз – бұл қуатты
үнемдейді: бір зат немесе аз жүк кебу үшін ұзақ
уақытты қажет етуі мүмкін.
• Қуатты тұтыну шығындарын азайту үшін әрбір қолданудан
кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу» тарауын қараңыз).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Idv 75 s

Table of Contents