Philips HQ6900 series User Manual page 56

Hide thumbs Also See for HQ6900 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ҚАЗАҚША
56
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,
www.shop.philips.com/service сайтына кіріңіз немесе Philips
дилеріне барыңыз. Сондай-ақ, еліңіздегі Philips Тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз).
Мынадай керек-жарақтары бар:
-
HQ56 Philips қыратын бастары
-
HQ110 Philips қыру ұшын тазалау спрейі
Қоршаған орта
-
Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге
тастамай, ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
-
Кірістірілген қайта зарядталатын батареялардың құрамында
қоршаған ортаны ластайтын заттар бар. Құралды арнайы жинау
орнына өткізбес бұрын, батареяларын алыңыз. Батареяны арнайы
батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Егер батареяны алу кезінде
қиындық туса, құралды Philips қызмет көрсету орталығына апаруға
болады. Орталық қызметкерлері батареяны алып, қоршаған ортаға
қауіпсіз жолмен жояды.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Батареяны тек ұстараны тастар алдында ғана алыңыз. Батареяны алар
алдында оның толығымен таусылғандығын тексеріңіз.
1
Құралды өшіріңіз, адапторды қабырғадағы розеткадан шығарып,
құрал тоқ сымын құралдан алып тастаңыз.
2
Ұстараны тоқтағанша жұмыс жасатыңыз.
3
Ұстараның артындағы бұрауыштарды босатып, оны ашыңыз.
4
Батарея таспаларын қиғышпен кесіп, желімделген таспадан
батареяларды босатып тартыңыз.
Металды батарея таспалары өткір боып келеді.
Ұстараның батареяларын алып тастағаннан соң оны тоққа қоспаңыз.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/
support сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік
парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Қыратын құрал бастары (кескіштер мен қорғауыштар) тез
ескіретіндіктен, халықаралық кепілдік шарттарымен қамтылмайды.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents