Hilti TE 4-A22 Operating Instructions Manual page 200

Hide thumbs Also See for TE 4-A22:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 19
Аспап кәсіби қолдануға арналған, сондықтан оған тек уәкілетті қызметкерлер қызмет көрсете және жөндей
алады. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Аспапты басқа мақсатта
қолдану және оны оқытылмаған қызметкерлердің пайдалануы қауіп тудырады.
Ықтимал аспапты қолдану салалары және түрлері: құрылыс алаңы, шеберхана, әр түрлі жөндеу жұмыстарын
орындау.
Аспаптың конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
Аккумуляторды осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа құрылғылармен бірге қолданбаңыз.
Қызметкерлердің жарақат алуын және аспаптың зақымдалуын болдырмау үшін тек түпнұсқа Hilti компаниясы
шығарған саймандарды және құралдарды қолданыңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген аспапты пайдалану, күту және техникалық қызмет көрсету
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Сіздің еліңізде қабылданған қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаңыз.
2.2 Қысу қысқысы
TE-C CLICK қысу қысқысы
2.3 Сөндіргіш
Бұрғылауды/қашауды бірқалыпты бастауға арналған реттегіші бар сөндіргіш
Жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқышы
Қозғалтқыштың айналу бағытын айырып-қосқыш
2.4 Тұтқыштар
Тереңдік шектегіші бар айналмалы бүйірлік тұтқыш
Тұтқа
2.5 Қорғауыш құрылғы
Сақтық фрикциялық муфта
Электр қозғалтқышын шамадан тыс жүктемеден қорғаудың электрондық жүйесі
kk
2.6 Аспап электроникасының қосымша функциялары
Аспап электр қозғалтқышын шамадан тыс жүктемеден электрондық қорғау жүйесімен жабдықталған. Шамадан
тыс жүктеме түскенде аспап автоматты түрде өшеді. Жіберіп, қайта басқанда аспап бұрынғыдай толық қуатпен
жұмыс істейді.
Бұған қоса, аспап электроникасының температурасы қызмет көрсету мерзіміне әсер етеді. Сөндіргішке басуға
тәуелсіз, электроника қызып кеткенде, шпиндель айналмайды. Тек аспап температурасы қалыптыға жеткенде
ғана аспапты қолдануға болады.
2.7 Майлайтын май
Тұрақты майлау
2.8 Стандартты жеткізу жинағына мыналар кіреді:
1
Аспап
1
Тереңдік шектегіші бар айналмалы бүйірлік
тұтқыш
1
Пайдалану бойынша нұсқаулық
1
Hilti чемоданы (опция)
1
Сүртетін шүберек (міндетті емес)
1
Майлайтын май (міндетті емес)
2.9 Аспап жұмыс істеуі үшін қосымша мыналар қажет
B 22/3.3 Li‑Ion, B 22/1.6 Li‑Ion немесе B 22/2.6 Li‑Ion аккумуляторы. C4⁄36‑90, C4⁄36‑350, C 4/36‑ACS,
C 4/36‑ACS TPS немесе C 4/36 зарядтағыш құрылғысы.
196

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents