Bosch GLL Professional 12-22 Original Instructions Manual page 136

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
136 | Қазақ
белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға
болады.
Аккумуляторды тек +10°C және +35°C аралығындағы қоршаған орта
u
температурасында USB порты арқылы зарядтаңыз. Температуралар
диапазонынан тыс зарядтау нәтижесінде аккумулятор зақымдалуы немесе өрт
қаупі артуы мүмкін.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес
ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумулятор блогының заряды тым төмен болса, лазер сызықтары
1 минуттай баяу ырғақпен жыпылықтайды.
Литий-иондық аккумулятор блогының заряды таусылған болса, лазер сызықтары
10 секундтай жылдам ырғақпен жыпылықтайды, содан кейін өлшеу құралы өшіп
қалады.
USB Type-C® ұясының (8) қақпағын ашыңыз. USB ұясын USB кабелі (15) арқылы
USB қуат блогымен байланыстырыңыз. USB қуат блогын электр желісіне жалғаңыз.
Заряд индикаторының (7)
түсі
сары
жасыл
қызыл
Зарядтау процесі аяқталғаннан кейін, USB кабелін (15) шығарып алыңыз. Шаңнан
және шашыранды судан қорғау үшін USB Type-C® ұясының (8) қақпағын жабыңыз.
Батареялармен пайдалану
Литий-иондық аккумулятор блогын (9) батареялармен алмастыру үшін литий-
иондық аккумулятор блогын (9) шығарып алыңыз.
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батареяларды енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын
қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын (12) енгізіп, ойыққа кіргізіңіз.
Батареялардың заряды төмен болса, лазер сызықтары 1 минуттай баяу ырғақпен
жыпылықтайды.
1 609 92A 8C4 | (05.07.2023)
Мағынасы
Литий-иондық аккумулятор блогы зарядталуда.
Литий-иондық аккумулятор блогы толықтай
зарядталған.
Зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gll professional 12-22 g06010652200601065320

Table of Contents