Bosch AKE 30-19 S Original Instructions Manual page 227

Hide thumbs Also See for AKE 30-19 S:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
OBJ_BUCH-1238-002.book Page 227 Wednesday, December 7, 2016 2:54 PM
Май автоматика жүйесін тексеру
Араны қосып, оны ұшымен картонға не қағазға қарай
қарата отырып, араны жерде ұстап тұрып, автоматтық
шынжыр майлау жүйесінің істеп тұрғанын тексеруіңізге
болады. Жерді арамен түртпей, 20 см қауіпсіздік
аралықты ұстанып отыруыңыз лазым. Осы әрекет
барысында үлкейіп тұратын май іздерінің көрінуі май
автоматика жүйесінің мінсіз түрде жұмыс істеп тұрғанын
білдіреді. Май резервуары толы болып тұрғанына
қарамастан ешбір май іздері көрінбесе «Қателерді
белгілеу» тарауын оқыңыз немесе Bosch компаниясының
техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Жұмыстан кейі/Сақтау
Шынжырлы араның пластмассадан жасалған тұрқысын
жұмсақ қылшақ пен таза жүберекпен тазалаңыз. Су,
еріткіш және тегістеу бұйымдарын қолданбаңыз. Лас пен
кірді, әсіресе қозғалтқыштың желдету саңылауларындағы
кір мен ласты, толығымен кетіріңіз.
Жұмысқа 1 – 3 сағат бойы қосылып тұрғаннан кейін
жапқышты 16, шапқыны 12 және ара шынжырын 11
бөлектеп шығарып, оларды қылшақпен тазалаңыз.
Жапқышты 16, шынжыр дөңгелегі 18 мен шапқы
бекітілуін қылшақпен барлық жабысып қалған заттардан
тазалаңыз. Май бүріккішін 19 таза бір шүберекпен
тазалаңыз.
Егер шынжырды тарту механизмі 16 қысылса, қақпақты
29 ашып тарту тұтқасы 15 мен шынжырды тарту шеңберін
14 бір біріне қарсы бұраңыз, механизм ішіндегі қаттар
босалып төмен түсуі керек. Қаптаманы 16 жай қағыңыз.
Механика қатты жабысқан болса тазалау үшін жұмсақ
қылшақ немесе сығылған ауа пайдаланыңыз, бірақ
ешқашан кез келген аспапты пайдаланбаңыз. (J суретін
қараңыз)
Шынжырлы араның ұзақ уақыты бойы сақталып тұруы
қажет болса, ара шынжырын 11 және шапқыны 12
тазалап алыңыз.
Шынжырлы араны қауіпсіз, құрғақ және балалар қолы
жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Шынжырлы араның үстінен ешбір басқа заттарды
қоймаңыз.
Шынжырлы араның әрқашан май резервуары
қақпақшасын 4 жоғарыға қарата қойып, көлденең
қойылуына назар аударыңыз.
Электрбұйымды сатылған қорабында сақтауда май
резервуарын толығымен босатып алуыңыз қажет.
Керек-жарақтар
Тазалау
Ара шынжыры үшін арнайы майы,
1 литр . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 607 000 181
Ара шынжыры
AKE 35-19 S . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . F 016 800 257
AKE 40-19 S . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . F 016 800 258
Bosch Power Tools
Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері
www.bosch-garden.com
Сурақтарыңыз және қосалқы бөлшектеріне тапсырыс
бергеніңізде әрдайым тақташада жазылған 10 саннан
тұратын бұйым нөмірін хабарлауыңыз керек.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек «Роберт Бош»
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
«Роберт Бош» (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
«Гермес» БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құрлдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі
және оның ұлттық заңдарда орындалуы
бойынша басқа пайдаланып болмайтын
электр құралдар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Қазақша | 227
F 016 L81 142 | (7.12.16)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ake 35-19 sAke 40-19 s

Table of Contents