Samsung 6 series User Manual page 225

6 series
Hide thumbs Also See for 6 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды. Кенсингтон құлпы - құрылғыны
қоғамдық жерлерге орнатқан кезде бекітуге арналған құрал. Құлыптың сыртқы көрінісі және
құлыптау тәсілі өндірушісіне байланысты әр түрлі болып келеді. Кенсингтон құлпын дұрыс
қолдану туралы ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Теледидардың артқы жағындағы "K" таңбасын табыңыз. Кенсингтон ұяшығы "K"
таңбасының артында орналасқан.
Құрылғыны құрсаулау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық тәрізді үлкен, орнықты затты
айналдыра орап бекітіңіз.
2.
Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы сымының құлақшасы бар ұшынан
өткізіңіз.
3.
Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына салыңыз (1).
4.
Құлыпты бекітіңіз.
Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін, бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Құлып жеке сатылады.
Кенсингтон құлпының орналасатын жері, теледидар үлгісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Абай болыңыз: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі мүмкін. Әсіресе, балалардың
теледидар үстіне шықпауын немесе оны жылжытпауын қадағалаңыз; себебі теледидар аударылып кетіп, ауыр
жарақатқа не адам қазасына әкеліп соғуы мүмкін. Қоса жеткізілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының
барлығын орындаңыз. Барынша орнықты ету үшін, аударылып кетуден сақтайтын құралды сақтық мақсатында
төмендегідей орнатыңыз.
Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін
¦
1.
Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап бекітіңіз.
Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша зат қажет
болуы мүмкін.
Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге
жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.
2.
Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз да, қапсырмаға салыңыз,
содан соң бұрандаларды қайтадан теледидарға бекітіңіз.
Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда, келесі
техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды сатып алуды сұраймыз.
Бұранданың техникалық сипаттамасы
x
19 ~ 22 дюйм үшін: M4
x
23 ~ 65 дюйм үшін: M8
3.
Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды берік
сым арқылы жалғап, содан соң мықтап байлаңыз.
ЕСКЕРІМ
x
Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.
x
Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға
бекітілген қапсырма бір деңгейде не одан төменірек тұру үшін оларды
сыммен қосып байлаған дұрыс.
x
Сымды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.
4.
Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап
қалмағанын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне
күмәндансаңыз, білікті маманға хабарласыңыз.
Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы
Теледидарды қабырғаға бекіту
<Теледидардың артқы панелі >
<Қосымша>
Қабырға
1
51
Казақ

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents