LG V10 User Manual page 279

Hide thumbs Also See for V10:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 412
Қауіпсіз жəне тиімді пайдалану
туралы нұсқаулар
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау қауіпті
немесе заңсыз болуы мүмкін.
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық құрал қателер
журналын жинайды. Бұл құрал сигнал күші, кенеттен үзіліп кеткен кездегі
ұялы идентификатор орны жəне жүктелген қосымшалар сияқты қатеге
қатысты деректерді ғана жинайды. Журнал қатенің себебін анықтауға
көмектесу үшін ғана пайдаланылады. Бұл журналдар шифрланған жəне
құрылғыңызды жөндеуге алып барғаныңызда ғана оларды өкілетті LG қызмет
көрсету орталығы аша алады.
Радио жиілігі қуатының əсері
Радиотолқын əсері жəне меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат.
Бұл LG-H961S қалта телефон үлгісі радиотолқын əсеріне қатысты қауіпсіздік
талаптарына сəйкес жасалған. Бұл талаптар жасы мен денсаулық жағдайына
қарамастан, барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,
қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға негізделген.
Радиотолқын əсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті (МСК)
деп аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК сынақтары стандартты
əдістер бойынша барлық пайдаланыстағы жиілік жолақтарындағы ең
жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде телефоннан сигнал жіберу арқылы
жүргізіледі.
Əртүрлі LG телефон үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болса да, олардың барлығы радиотолқындар əсері
бойынша керекті нұсқауларға сəйкес келетін етіп жобаланған.
Иондамайтын сəулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК)
ұсынған SAR шектеуінің орташа мəні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
Осы телефон үлгісінің сыналған ең жоғары МСК мəні құлақтың жанында
— 0,594 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып жүргенде — 0,196 Вт/кг (10 г).
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе
киімнен кем дегенде 1,5 см қашықтықта орналасқанда ЖҚ əсері бойынша
керекті нұсқауларға сəйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш ретінде
денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау керек жəне өнімді
киімнен кемінде 1,5 см қашықтықта ұстау керек. Деректер файлдарын
немесе хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі
байланысын қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын
5

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-h961s

Table of Contents