Samsung UE40F6130A User Manual page 84

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 24
Ұрлыққа қарсы қолданылатын
Кенсингтон құлпы
Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды.
Кенсингтон құлпы - құрылғыны қоғамдық жерлерге орнатқан
кезде бекітуге арналған құрал. Құлыптың сыртқы көрінісі және
құлыптау тәсілі өндірушісіне байланысты әр түрлі болып
келеді. Кенсингтон құлпын дұрыс қолдану туралы қосымша
ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Теледидардың артқы жағындағы "K" таңбасын
табыңыз. Кенсингтон ұяшығы "K" таңбасының артында
орналасқан.
Орналасатын орны мен түсі үлгі түріне қарай әр түрлі
болуы мүмкін.
<Қосымша>
Құрылғыны құрсаулау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық
тәрізді үлкен, орнықты затты айналдыра орап бекітіңіз.
2.
Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы
сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз.
3.
Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына
салыңыз.
4.
Құлыпты бекітіңіз.
Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін,
бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Құлып жеке сатылады.
Сақтау және күтім көрсету
Егер теледидар бейнебетіне жапсырылған
жапсырманы алсаңыз, орнын тазалап содан кейін
теледидарды қараңыз.
Құрылғы корпусының сыртына және бейнебетіне
тазалау барысында сызат түсуі мүмкін. Құрылғы
корпусының сыртына және бейнебетіне сызат түспес
үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.
Құрылғыға су шашуға болмайды.
Құрылғыға кірген кез келген сұйық
зат оны бүлдіруі, өртке себеп болуы
немесе электр қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғыны аз ғана су сіңірілген
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы,
бензин, сұйылтқыш) немесе
тазалағыш затты қолданбаңыз.
Қақпаққа қатысты сақтық шарасы
32" - 50" үлгілеріне арналған
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Қақпақтың тетігі білікті қызмет
көрсету мамандарына ғана арналған. Электр
немесе өрт қатерін азайту үшін, егер білікті маман
болмасаңыз, қақпақтың тетігін пайдаланбаңыз.
Қақпағы
Үлгі түріне қарай артқы панель әр түрлі болуы мүмкін.
Қазақша - 18
Tеледидардың артқы панелі

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

6 seriesUe50f6130a

Table of Contents