Ақаулықты Түзету Және Жөндеу; Ақаулықты Түзету - Samsung QE55Q60RAU User Manual

Hide thumbs Also See for QE55Q60RAU:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 24
06 Ақаулықты түзету және жөндеу
Ақаулықты түзету
Егер ТД-да ақау бар сияқты болса, әуелі осы ықтимал ақаулықтар мен шешімдер тізімін қараңыз. Сондай-
ақ, эл. нұсқаулықтың Ақаулықты түзету бөлімін қараңыз. Егер ақаулықты түзету кеңестері көмектеспесе,
"www.samsung.com" торабындағы Қолдау пәрменін басыңыз немесе осы нұсқаулықтың артқы
мұқабасындағы тізімде көрсетілген байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.
• Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі технология бойынша жасалған кіші пикселдер
қолданылды. Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл
пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
• ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз.
Теледидар мәзіріндегі Қазір жаңарту немесе Автоматты жаңарту функцияларын пайдаланыңыз (
>
Параметрлер > Қолдау > Бағдарламалық қамт-ды жаңарту > Қазір жаңарту немесе Автоматты
жаңарту).
ТД іске қосылмайды.
• АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп және теледидардың астыңғы жағындағы қуат индикаторының
тұрақты қызыл түспен жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Теледидардың астыңғы жағындағы Теледидарды басқарушы түймесін басып, ақаулықтың қашықтан
басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, "Қашықтан
басқару пульті жұмыс істемейді" деп аталатын тақырыпты қараңыз.
Сыртқы құрылғыдан сурет/бейне/дыбыс берілмейді немесе бұрмаланған сурет/
бейне/дыбыс шығады немесе теледидарда "Сигнал әлсіз не жоқ" хабары көрсетіледі
немесе сіз арнаны таба алмай тұрсыз.
• Қосылымның құрылғыға дұрыс жалғанғанына және барлық сымдардың толық қосылғанына көз
жеткізіңіз.
• ТД-ға және сыртқы құрылғыларға қосылған барлық сымдарды ағытып, қайта жалғаңыз. Егер мүмкін
болса жаңа сымдарды қолданыңыз.
• Сигнал көзінің дұрыс таңдалғанын растаңыз (
• Ақаулықтың теледидарда немесе құрылғыда екенін анықтау үшін теледидардың өздігінен
диагностикалау функциясын орындаңыз (
сынағын бастау немесе Дыбыс сынағын бастау).
• Сынақтың нәтижелері қалыпты болса, барлық қосылған құрылғының қуат сымын ағытып, қайта
жалғап құрылғыларды қайта іске қосыңыз. Мәселе сонда да шешілмесе, қосылған құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығындағы қосылымды жүзеге асыру нұсқауын қараңыз.
• Кабель немесе жерсерік қорапшасын пайдаланбасаңыз және теледидарыңыз теледидар сигналын
антенна немесе кабель қабырға қосқышы арқылы алса, Автоматты баптау функциясын қосып,
арналарды (
>
іздеңіз.
– Үлгіге немесе географиялық аймаққа байланысты Автоматты баптау параметрлері көрінбеуі
мүмкін.
– Егер кабель немесе жерсерік қорапшасын пайдалансаңыз, кабель немесе жерсерік
қорапшасының нұсқаулығын қараңыз.
Қазақ - 14
Параметрлер > Тарату > (Автоматты баптау параметрлері) > Автоматты баптау)
>
Сигнал көзі).
>
Параметрлер > Қолдау > Өзін-к диагностика > Сурет

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Qe49q60rauQe65q60rauQe75q60rauQe75q60rauxua

Table of Contents