Samsung UE32H6400A User Manual page 40

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 13
ТД-ды тұрғыға бекіту
Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында
көрсетілген жолмен құрастырыңыз.
ТД-ды қабырғаға орнату
[ Осы ТД-ды қабырғаға орнатқан кезде өндіруші ұсынған ұсыныстарды орындау қажет. Егер олай
істемесеңіз, ТД сырғып кетіп құлап қалуы, адам қатты жарақат алуы және өнімге нұқсан келуі
мүмкін.
Қабырғалық аспа жинақты орнату (опция)
Қабырғалық аспа жинақты (жинаққа кірмейді) ТД-ды қабырғаға орнату үшін пайдалануға болады.
Қабырғалық аспа жинақты орнатуға қатысты толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан қараңыз
немесе оны қабырғалық аспа жинақтың көмегімен орнату үшін техникке хабарласып көмек алыңыз. Samsung
Electronics компаниясы қабырғалық аспа жинақты өз бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз немесе мүлікке нұқсан
келсе, жауапкершілік көтермейді.
32"~50" дюйм
Қабырғалық
аспаның
қапсырмасы
Кез келген басқа қабырғалық аспа жинақты орнату алдында ТД-мен бірге берілген қабырғалық жинақтың адаптерін
пайдаланыңыз.
- Біздің қабырғалық аспа жинақты сатып алсаңыз, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен барлық қажетті
керек - жарақ беріледі.
Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)
Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық аспа жинақты
ғимараттың басқа материалдарына орнату үшін, жергілікті дилерге хабарласыңыз. Егер өнімді төбеге немесе
көлбеу қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы немесе өнімге нұқсан келуі мүмкін.
- Ұсынылған стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды
қолданбаңыз. Себебі, ТД-дың ішкі бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.
- Қабырғалық аспа жинақтың бұрандалары VESA стандартты бұрандалар стандартына сай келуі керек және
пайдаланылған бұрандаларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
- Бұрандаларды өте қатты қатайтпаңыз. Себебі адам жарақат алуы немесе өнімге нұқсан келуі мүмкін.
Samsung немқұрай қарау немесе дұрыс қолданбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға
жауапты емес.
- VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғалық аспа жинақты қолдануға байланысты өнімге
зақым келсе не адам жарақат алса, Samsung жауапкершілік көтермейді.
- Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
55"~75" дюйм - Қабырғалық аспаның адаптері
ТД
C
Казақ - 4
4EA
Қабырғалық
ТД
аспаның
Қабырғалық
қапсырмасы
жинақтың
адаптері
C

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents