Қазақша - Philips GC8700 Series User Manual

Hide thumbs Also See for GC8700 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 3
Қазақша
50
Қауіпсіз орын
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына
қоюға болады (2-сурет). OptimalTEMP технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын
бүлдірмейтінін қамтамасыз етеді.
Қуатты үнемдеу
Эко режимі
ECO режимін пайдалану арқасында (будың шығуын азайтады) үтіктеу нәтижесіне әсер етпестен
энергияны үнемдеуге болады.
1 ECO режимін белсендіру үшін ECO түймесін басыңыз (15-сурет). Жасыл ECO шамы қосылады.
2 ECO режимін тоқтату үшін ECO түймесін қайта басыңыз. Жасыл ECO шамы өшеді.
Автоматты өшіру (yлгілерге арналған GC8755, GC8752, GC8750 GC8735,
GC8723)
-
Энергияны үнемдеу үшін құрал 5 минут қолданылмай тұрса, автоматты түрде өшіп қалады. Қосу-
өшіру түймесінде автоматты өшіру шамы жыпылықтай бастайды.
-
Құралды қайта іске қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз. Содан соң, құрал қайта қыза бастайды.
Абайлаңыз! Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз. Қолданып болған
соң құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Смарт қақ тазалау жүйесі
Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл буды
қаттырақ шығаруға және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына көмектеседі.
Тазалау процесінің орындалғанына сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
1–3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрал қақ тазалау процесін
орындау қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды (16-сурет).
Бұдан басқа бу генераторында қақ жиналмауы үшін екінші қорғау әрекеті біріктірілген: қақты кетіру
орындалмаса, бу шығару функциясы ажыратылады (17-сурет). Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу
шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Ескерту: Қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және шам еске
салғышы белсендірілмеген кезде.
Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін орындау
Абайлаңыз! Қақ тазалау процесі кезінде құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Абайлаңыз: Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін үнемі орындаңыз. Үтікті қақ
тазалау ыдысынан көтеру арқылы процесті үзбеңіз, өйткені табаннан ыстық су мен бу шығады.
1 Су ыдысын жартылай толтырыңыз (18-сурет).
Ескерту: Қақ тазалау процесі кезінде құрал тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін
тексеріңіз.
2 Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз
(19-сурет).

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gc8711/20

Table of Contents