Philips 6916665PU User Manual page 96

Philips livingcolors conic black led lamp
Hide thumbs Also See for 6916665PU:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
1.
Жұмысты бастау
LivingColors шамы көмегімен жанға жайлы
2.
жағдай жасау
LivingColors шамын басқа Philips
3.
LivingAmbiance өнімдеріне жалғау
4.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру
5.
Қосымша қолдау алу
1.
Жұмыс жасатуды бастау:
-
Артындағы түймені сырғытып, қашықтан
басқару құралының батарея бөлімінің
қақпағын ашыңыз. AAA түріндегі 3 батарея
(+ және – көрсетілгендей болуы тиіс)
салыңыз.
-
LivingColors шамын тегіс және тұрақты
жерге орнатыңыз.
-
LivingColors шамын қабырғаға қаратып (ең
оңтайлы қашықтық - 50 см), қуат сымын
шамға жалғаңыз да, оның штепсельдік
ұшын розеткаға жалғаңыз.
2.
Келесі әрекеттерді орындап, жанға
жайлы жағдай жасаңыз:
-
Түс шеңберіндегі керекті түсті түрту. Түсті
жақсарту үшін, саусақты түс шеңберінің
бойымен жылжытуға болады.
-
Түс қанықтығын өзгерту (ағымдағы
түске қосымша ақшылдық беру). Түсті
қоюлату үшін, түс қанықтығын арттыру
түймесін, ал түсті ашық ету үшін, түс
қанықтығын азайту түймесін басыңыз.
Түс қанықтығын азайту түймесі ұзақ
басылып тұрса, соңында түссіз жарық
жанады.
-
Күңгірттеу. Жарық күшінің деңгейін
күңгірттеу түймелері арқылы арттыруға
немесе азайтуға болады.
-
Түсті автоматты өзгерту режимін
таңдау. Саусақты түс дөңгелегі бойымен
айналдыра жүргізіп (толық бір айналым),
«I» (Қосу) түймесін басып қалыңыз;
LivingColors шамы түсті автоматты түрде
өзгерту режиміне қосылады: шам түстерді
автоматты өзгерте бастайды.
Түстердің ауысу жылдамдығын реттеуге
болады. Жылдамдықты, сағат тілінің
бағыты бойынша, жылдамнан (түс
шеңберіндегі қою көк) баяуға (күлгін)
өзгертуге болады. Түс шеңберінің кез
келген жерін түртуге болады. Түсті
автоматты өзгерту режимінде түстердің
қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге
болады.
Тұрақты түс режиміне қайту үшін, түс
шеңберін қайта айналдырып, «0»түймесін
басыңыз. Әйтпесе, алдымен «0», одан
кейін «I» түймелерін басып, LivingColors
шамын өшіріп, қайта қосуға болады.
-
Егер белгілі бір жарық параметрі ұнаса
(мысалы, аздап күңгірттелген қызыл), кейін
оңай қалпына келтіру мақсатында осы
реңкті сақтауға болады. Ол үшін, қашықтан
басқару құралы сигнал бергенше Реңк
түймелерінің біреуін басып тұрыңыз. Реңк
басылған Реңк түймесіне сақталады.
Осы жолмен бір түсті автоматты өзгерту
режимінің белгілі бір жылдамдығын да
сақтауға болады.
Жарықтың керек түрде реттелуін
жалғастыруға болады. Кез келген уақытта,
сақталған реңкке қайту үшін, сақтау
кезінде басылған Реңк түймесін басыңыз.
Сол реңк түймесі жанып, реңктің
таңдалғанын көрсетеді, ал LivingColors
шамы сақталған параметрге өтеді.
Ең көбі 3 реңк (әр Реңк түймесі үшін
біреуден) сақтауға болады.
«0» (Өшіру) түймесін басып қалып,
LivingColors шамын өшіріңіз. LivingColors
шамы соңғы қолданылған режимді келесі
қолданыс үшін сақтайды. Оны қайтадан
қосу үшін, «I» (қосу) түймесін басыңыз.
LivingColors шамын басқа Philips
3.
LivingAmbiance өнімдеріне жалғау
Philips LivingAmbiance түрлі өнімдерін LivingColors
шамының қашықтан басқару құралына
жалғауға болады. Осылайша, бір-біріне
жалғанған өнімдерді бірге немесе әр қайсысын
бөлек бір қашықтан басқару құралы арқылы
реттеуге болады.
1.
Басқа Philips LivingColors шамдарын
қашықтан басқару құралына жалғауға
96

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents