Bosch Professional LR 45 Original Instructions Manual page 85

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
Дисплей жарығы лазер қабылдағышын әр қосқаннан
кейін қосылады. Дисплей жарығы мына жағдайларда
уақытша ажыратылады:
– лазер сәулесі қабылдау өрісіне жетпеген кезде,
түймені әр басқаннан кейін 2 минут ішінде,
– лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі орналасуы бұл
уақытта өзгермеген кезде, түймені әр басқаннан кейін
2 минут ішінде.
Дисплей жарығын толықтай өшіру үшін дисплей жарығы
түймесін (5) басыңыз.
Реттеулер
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Қабылдау дәлдігін реттеу түймесінің (3) көмегімен лазер
сәулесінің орналасуы қабылдау өрісінде "орталық"
ретінде көрсету дәлдігін анықтауға болады:
– "Дәл" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (c) индикаторы),
– "Орташа" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (b)
индикаторы),
– "Шамамен" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (a)
индикаторы).
(a), (b) және (c) индикаторларының әрқайсысы үшін екі
мәнді таңдауға болады. Қабылдау дәлдігін реттеу
түймесін (3) әр басқан сайын, салыстырмалы биіктік
индикаторында (g) қабылдау дәлдігінің тиісті мәні қысқа
уақытқа пайда болады.
Қабылдау дәлдігінің реттеуі құрылғыны өшірген кезде
жадқа сақталады.
Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (11) орналасуы
сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін.
Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды
өшіруге болады.
Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін
дыбыстық сигнал түймесін (4) дисплейде қалаулы дыбыс
деңгейі көрсетілгенше басыңыз. Дыбыс деңгейі төмен
болса, дисплейдегі дыбыстық сигнал индикаторы (e)
сызықшасыз, дыбыс деңгейі жоғары болса, бір
сызықшамен пайда болады, ал дыбыстық сигнал өшірулі
болса, индикатор сөнеді.
Дыбыстық сигнал реттеуі лазер қабылдағышын өшірген
кезде жадқа сақталады.
Өлшем бірлігін ауыстыру
Мәндердің өлшем бірлігін салыстырмалы биіктік
индикаторында (g) өзгертуге болады.
Ол үшін дыбыстық сигнал түймесін (4) және қабылдау
дәлдігін реттеу түймесін (3), қажетті бірлік өлшем
бірлігінің индикаторында (d) пайда болғанша, бір уақытта
басыңыз.
Өлшем бірлігінің реттеуі лазер қабылдағышын өшірген
кезде жадқа сақталады.
Bosch Power Tools
Пайдалану нұсқаулары
Ватерпаспен туралау
Ватерпастың (7) көмегімен лазер қабылдағышын тігінен
(перпендикуляр бойынша) туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Белгілеу
Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта
белгісінде (10) қабылдау өрісінің (11) ортасынан өтетін
лазер сәулесінің орналасуын белгілеуге болады.
Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен
(көлденең лазер сәулесінде ) немесе көлденеңінен (тік
лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе
белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді.
Ұстағышпен бекіту (C суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ұстағыштың (16) көмегімен
өлшегіш рейкаға (19)(керек-жарақ) да, макс. ені 60 мм
құрайтын басқа да көмекші құралдарға бекітуге болады.
Ұстағышты (16) лазер қабылдағышындағы бекіткішке (9)
кіргізіп, ұстағышты бекітіңіз.
Ұстағыштың айналмалы түймесін (17) жіберіңіз,
ұстағышты, мысалы, өлшегіш рейкаға (19) жылжытып,
айналмалы түймені (17) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Ватерпастың (20) көмегімен ұстағышты (16) және лазер
қабылдағышын көлденеңінен туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық (15) ортаңғы
белгімен (10) бірдей биіктікте орналасқан және лазер
сәулесін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Ұстағышты (16) лазер қабылдағышынан алып тастау үшін
құлыптан босату түймесін (18) басып, ұстағышты лазер
қабылдағышынан тартып шығарыңыз.
Магнитпен бекіту (D суретін қараңыз)
Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын
магниттердің (8) көмегімен болат бөліктерге бекітуге
болады.
Стробоскоп жарығынан туындайтын ақаулық
Стробоскоп жарығының (мысалы, жарық диодты
шамдардан) лазер қабылдағышының қабылдау
өрісіне (11) жетуіне жол бермеңіз.
Лазер қабылдағышында стробоскоп жарығынан ақаулық
туындаған жағдайда, дисплейдегі өлшем бірлігінің
индикаторы (d) жыпылықтайды. Салыстырмалы биіктік
индикаторы (g) және (h), (i) және (j) бағыт
индикаторлары сөнеді.
Не лазер қабылдағышын, не стробоскоп жарығының
көзін қайтадан орналастырыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Лазер қабылдағышын әрдайым таза күйде ұстаңыз.
Қазақ | 85
1 609 92A 5R9 | (26.06.2020)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0 601 069 l00

Table of Contents