Қазақша - Philips 4000 Series Manual

Hide thumbs Also See for 4000 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
108
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынған
қолдау көрсету қызметін толықтай қолдану үшін, өнімді www.philips.com/MyVacuumCleaner сайтында
тіркеңіз.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
-
Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты сорғызбаңыз.
-
Тұтанғыш заттарды ешқашан сорғызбаңыз.
-
Құралды немесе адаптерді суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз және
ағынды судың астына шаймаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
-
Құралды пайдаланудың алдында оны әрқашан тексеріңіз. Егер құрал немесе адаптер зақымдалған
болса, оларды қолданбаңыз. Зақымдалған бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
-
Адаптерде трансформатор бар. Басқа ашамен ауыстыру үшін, адаптерді кеспеңіз, бұл қауіпті
жағдай тудыруы мүмкін.
-
Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға пайдалануға
болады. Балалар құралмен ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет
көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
-
Егер құралы бірақ уақыт пайдаланылмаса, адаптерді ажыратыңыз.
-
Құрылғыны бір айдан аса уақыт (пайдаланбай немесе зарядтамай) сақтағанда, батареяның
кемінде 50% зарядталғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны зарядсыз батареямен сақтау салдарынан
батареяға келген зақым жөнделмеуі мүмкін.
-
Сондай-ақ құрылғы сақталған кезде, адаптердің ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
-
Моторлы щетканың басқа құралдардың желілік сымдарының үстімен қозғалуына жол бермеңіз,
себебі бұл қауіпті болуы мүмкін.
-
Бос киімді, шашты және дене бөліктерін моторлы щеткадан алыс ұстаңыз.
-
Құрал істеп тұрғанда желдету саңылауларын жаппаңыз немесе құлыптамаңыз.
-
Бұл өнімде қайта зарядталатын батарея бар. Батареяны тек білікті қызмет инженерлері ауыстыруы
мүмкін.
-
Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ашпаңыз.
-
Енді қайта зарядтау мүмкін болмағанда немесе қуаты жылдам таусыла бастағанда құралды
өкілетті Philips қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
-
Зақымдап алмас үшін, шаң контейнерінде сүзгі жоқ болған жағдайда құралды пайдаланбаңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Xc4200/01

Table of Contents