Bosch AdvancedImpact 18 QuickSnap Original Instructions Manual page 149

Hide thumbs Also See for AdvancedImpact 18 QuickSnap:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
Жұмыс режимін реттеу (J суретін қараңыз)
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
сақинамен (3) бұрау, бұрғылау және соққымен бұрғылау
арасында таңдауға болады.
"Соққымен бұрғылау" күйінде бекіту тіркесімі
ажыратылып, әрдайым максималды қуат беріледі.
Берілістің механикалық таңдалуы
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (4) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (4) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
1-беріліс:
Төмен айналу жиіліктерінің диапазоны; бұрауға немесе
үлкен саңылау диаметрімен жұмыс істеуге арналған.
2-беріліс:
Жоғары айналу жиіліктерінің диапазоны; кіші саңылау
диаметрімен жұмыс істеуге арналған.
Беріліс ауыстырып-қосқышын әрдайым
u
тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдауыңыз мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (10)
басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы (7) ажыратқыш (10) кішкене немесе толық
басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Жұмыс шамы (7) ажыратқышты (10) жібергеннен кейін
шамамен 10 секунд ішінде жанып тұрады.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (10) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (10) жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Толық автоматты шпиндель бекіту (автолок)
Ажыратқыш (10) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
мен аспап патроны бекітіледі.
Бұл бос аккумулятор ретінде бұрандаларды бұрап кіргізу
және электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға
мүмкіндік береді.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
Қазақ | 149
1 609 92A 4SE | (12.04.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents